«Тазалық-денсаулық кепілі» тақырыбында дәріс

«Құлагер» МСАК акушер-гинекологы Қанапиева Гүлшат Ибраевна, Акушерлік және гинекология кафедрасының оқытушысы Нұрғалиева Сәуле Әбдірешқызы және кафедра еріктілері бірлесіп, Алматы қ. №148 орта мектеп-гимназиясында 7-11 сынып оқушылары арасында «Тазалық – денсаулық кепілі», «Қалыпты етеккір циклі», «Жыныстық жолмен тарайтын жұқпалы аурулардың алдын алу» тақырыптарында дәріс өткізілді. Дәрістің негізгі мақсаты-қыздарды күнделікті және үнемі гигиенаны сақтауға, ерте жыныстық қатынастан және ерте жүктілік қаупінен қорғауға үйрету.