Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні жыл сайын 24 наурызда – 1882 жылы Роберт Кох туберкулезді тудыратын қоздырғышты ашқан күні өткізіледі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен 1993 жылдан бастап туберкулез жаһандық проблема деп жарияланды. ДДҰ мәліметтері бойынша, туберкулез бүкіл әлемде өлімнің жетекші он себебі болып табылады. Бұл күн туберкулездің денсаулыққа, қоғамға және экономикаға тигізетін әсері туралы жұртшылықтың хабардарлығын арттыруға және жаһандық туберкулез эпидетімен күресу бойынша күш-жігерді жандандыруға бағытталған.
Сонымен, 2024 жылғы 26 ақпанда университетте Фтизиатрия курсы туберкулездің алдын алу, ерте анықтау және емдеу мәселелері бойынша Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығымен бірлесіп іс-шара өткізді.