2024 жылғы 1 наурыздағы Ғылыми-клиникалық кеңестің (ҒКК) кезекті отырысында Университеттің бастамашыл ғылыми жобаларын жүзеге асыру жоспарлары ұсынылды:
1) Аутизм спектрінің бұзылуы бар балалардағы дентин кариесін емдеудегі инновациялық әдіс
(Мемл. тірк. № 0123РКИ0377)
Ғылыми жетекші: Джайнакбаев Нурлан Темирбекович
Бірлескен жетекшілер: Искакова Марьям Козбаевна, Куватбаева Урнисям Алимжановна
Жоба зақымдалған тіндерді жұмсақ, ауыртпалықсыз алып тастауды қамтамасыз ететін және стоматологиялық аурушаңдық көрсеткіштерін төмендетуге, АСБ бар балалардағы тіс кариесінің алдын алу және емдеу сапасын және олардың өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік беретін тістерді дайындаудың ауа-абразивті (кинетикалық) әдісін қолдануды зерттеуге бағытталған.
2) Жас адамдар арасында ауыз қуысының шырышты қабығының ауруларының қауіп факторларын зерттеу
(Мемл. тірк. № 0123РКИ0373)
Ғылыми жетекші: Искакова Марьям Козбаевна
Бірлескен жетекші: Куватбаева Урнисям Алимжановна
Бұл жобаның мақсаты – жас адамдар арасында ауыз қуысының шырышты қабығының ауруларының даму факторларын зерттеу.
3) Соматикалық аурулардағы Ковидтен кейінгі синдромды зерттеу (Мемл. тірк. № 0123РКИ0374)
Ғылыми жетекші: Джайнакбаев Нурлан Темирбекович
Жауапты атқарушы: Маншарипова Алмагуль Тулеуовна
Жалпы дәрігерлік тәжірибе, ішкі аурулар, неврология, жұқпалы аурулар, гигиена және эпидемиология кафедраларының ғылыми қызметкерлерін біріктіретін пәнаралық жобаның мақсаты –ковидтен кейінгі синдромның соматикалық аурулардың ағымына әсерін зерттеу.
Жобаларды іске асыру жоспарларын ҒКК мүшелері бірауыздан мақұлдады. Жобалар шеңберінде зерттеулер жүргізу 2025 жылдың соңына дейін жоспарланған.
Ғылыми жобалар мен ынтымақтастықты іске асыру мәселелері бойынша Ғылым және халықаралық ынтымақтастық департаментіне хабарласуыңызды сұраймыз:nauka@medkrmu.kz