2024 жылдың 05 сәуірінде Атырау және Жетісу облыстарының денсаулық сақтау басқармалары мен медициналық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өтті.
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің мақсаты – «Қазақстан-Ресей медицина университеті» МЕББМ-нің түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.
2023-2024 оқу жылында 1186 жас маман оқуын аяқтауда:
Оның ішінде бағдарлама бойынша:
Бакалавриат – 176;
Интернатура– 727;
Резидентура – 270;
Магистратура – 11;
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне Қазақстан Республикасының Атырау және Жетісу облыстарының денсаулық сақтау басқармасының, 30-дан астам медициналық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Жәрмеңке барысында, жеке кездесулерде Республиканың медициналық ұйымдарының өкілдері баяндама жасап, өз аймағы, облыстың медициналық ұйымдары, кадрларға деген қажеттілік және ұсынылатын әлеуметтік пакеттер туралы айтты. Жұмыс берушілер ұйымдардың презентациялары мен проспектілерін дайындады.