ЕГЕР МЕН МЕКТЕПТЕН КЕЙІН БОЛСАМ, ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАЛАЙ ТАПСЫРУҒА БОЛАДЫ?
⠀Құрметті талапкерлер, бүгін біз КРМУ түсу үшін не істеу керектігін егжей-тегжейлі айтып береміз ❤
1⃣ Алдымен Сізге ҰБТ-ны тапсырып, өту балын: 65 балл және әр пәннен 5 балдан кем емес жинау қажет.
⠀
2⃣ Егер сіз осындай мамандықтарға түссеңіз психометриялық тест тапсырасыз:
1) Жалпы Медицина
2) Стоматология
3) Мейірбике Ісі
Оны біздің жоо немесе кез келген медициналық университетте тапсыруға болады. Оған тіркелу 20 маусымнан 24 тамызға дейін жүргізіледі. Тапсыру үшін үш әрекет болады.
⠀
Сіз “Фармация” немесе “Қоғамдық денсаулық сақтау” факультетіне түссеңіз де, біз сізге осы тест тапсыруға кеңес береміз: кенеттен сіз өз ойыңызды өзгертесіз?
⠀
3️⃣ Егер сіз өту балын ала алмасаңыз, онда сіз тамыз айында өтетін қайтадан ҰБТ-ға тіркеле аласыз. Қайта КТ өту кезінде, қабылдау тек ақылы негізде ғана мүмкін болады.
⠀
4️⃣ Өту балын ала отырып, сіз оқуға түсу үшін құжаттарды тапсыра аласыз.
5️⃣ Оқуға түсу үшін құжаттар тізімі:⠀
◾Оқуға қабылдау туралы өтініш (университеттен аласыз )⠀
◾Жеке куәліктің көшірмесі;⠀
◾Орта білім туралы Аттестат-түпнұсқа;
◾Сертификат ЕНТ немесе КТ-түпнұсқа;
◾Өлшемі 3х4 см 8 фотосурет;⠀
◾№ 086 үлгідегі медициналық анықтама флюорография қосымшасымен (флюорография студенттік емханада расталуы тиіс);
◾№ 063 егу анықтамасы (медбике мектеп бітіргеннен кейін береді);⠀
◾Тіркеу куәлігі (ұлдар үшін);⠀
◾Психометриялық тесттен өту туралы анықтама.⠀
6️⃣ Шартқа отырып (ақылы және тегін оқу түрі), сіз ресми түрде КРМУ студенті боласыз❤❤
Біздің студенттеріміз қатарына қабылдану 25 тамыздан кейін, яғни қабылдау комиссиясы жабылғаннан кейін жүргізіледі.
Құрметті талапкерлер, күндер бойынша қандай да бір өзгерістер болуы мүмкін. Бірақ алаңдамаңыз, біз бірінші кезекте сізді хабардар етеміз
⠀
#medkrmu #krmu #қабылдау #медицина #абитуриент2020