ҚРМУ ЖЕҢІЛДІКТЕРІ
⠀Әлеуметтік жеңілдіктер жылына 1 рет өткізілетін арнайы комиссиямен қаралады: ағымдағы жылдың қазан айында.
⠀
Әлеуметтік көмек оқу құнын төмендету, төлемді бөліп төлеу түрінде ұсынылады. Құжаттар комиссияның қарауына ағымдағы жылдың 5-30 қыркүйегі аралығында, тек 2 курс студенттері мен ҚР азаматтары үшін қабылданады.
⠀
Әлеуметтік жеңілдіктер түрлері:
1⃣ Толық жетімдер: құжаттарды 1-курстан тапсыруға болады. 50% – ға дейін жеңілдік, ол оқудың барлық кезеңінде 2 реттен артық емес ұсынылады, ал одан әрі ай сайынғы төлемді ұсынуға болады.
2⃣ Жеңілдік 30% дейін, 2-ші курстан бастап студенттерге беріледі, бірақ оқудың барлық кезеңінде 2 реттен артық емес:
* білім алушы мүгедектерге;
* бір ата-ана тәрбиелейтін білім алушыларға (жалғыз басты ана немесе ата-анасының біреуі қайтыс болған жағдайда);
* 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар ата-аналары бар білім алушыларға;
* көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан білім алушыларға.
3️⃣ Жеңілдік 10% 1 курстан бастап барлық оқу мерзіміне таратылады: білім алушылар, университет қызметкерлерінің балалары, туған-туыстары (әкесі, анасы, атасы, әжесі), университетте бір жылдан астам уақыт жұмыс істеген болса.
4⃣ Жеңілдік 5% 1 курстан бастап таратылады, бір отбасынан шыққан оқушылар үшін, бір мезгілде екі және одан да көп бала оқыса. Яғни, бір балаға 5%. Егер екі бала болса, 10% отбасына.
5⃣ Ата-анасы уақытша еңбекке жарамсыз болып табылатын білім алушыларға ағымдағы жылға бөліп төлеу (ай сайынғы төлем). Бөліп төлеу 2-курстан бастап, бірақ оқудың барлық кезеңінде 2 реттен артық емес беріледі.
1⃣ Соманың 100% – ын бірден төлегенде жеңілдік Тек 1 курс үшін және 1 жылға 50 000 теңге көлемінде беріледі. Сондай-ақ жеңілдік 1 оқу жылы үшін толық соманы төлеген жағдайда жарамды.
2⃣ Жеңілдік 15%, КРМК бітірушілеріне оқудың барлық кезеңіне @krmc_kz.
3⃣ 50% жеңілдікпен, белсенді студенттерге 1 жылға жеңілдік. @krmu_family агитация командасына Кастинг өткен және белсенді жұмыс жасаған, жазғы қабылдау комиссиясының құрамына өткен жағдайда және қабылдау комиссиясында жұмыс істеген соң ұсынылады.
⠀
#medkrmu #krmu #әлеуметтіжеңілдіктер #жеңілдіктер