«Темекі шегу: иллюзия және шындық» атты онлайн кураторлық сағат

2020 жылы қарашаның 16 күні Фармация факультеті 106 А және Б топтарының кураторы А.Н. Ешмуханбет студенттерімен Халықаралық темекі шегуден бас тарту күніне арналған «Темекі шегу: иллюзия және шындық» атты онлайн кураторлық сағат өткізді.

Кураторлық сағаттың басты мақсаты: темекіге тәуелділіктің таралуын төмендетуге, темекіге қарсы күреске тартуға, темекі шегудің алдын алуға және темекінің денсаулыққа зиянды әсері туралы хабардар етуге ықпал ету.