Толығырақ мәліметті конференция сайтынан табуға болады: sdu.edu.kz/kz/iclsskz
Сулейман Демирель Университетінің Құқық және Әлеуметтік ғылымдар факультеті 2021 жылдың 16-17 сәуір күндері онлайн форматта халықаралық конференция өткізеді. Конференция құқық және әлеуметтік ғылымдар саласы бойынша әлемнің түкпір-түкпірінде еңбек етіп жүрген зерттеушілерге, кәсіби мамандарға, докторанттар мен магистранттарға ортақ алаң ұсынады. Конференцияның тақырыбы – «COVID-19 пандемиясы кезіндегі құқық және әлеуметтік ғылымдар». Бұл тақырып аталған індеттің құқық, халықаралық қатынастар, журналистика, мемлекеттік басқару және адам құқықтары салаларына қалай ықпал еткенін талқылауды дамыту үшін таңдалып отыр.
Конференцияның негізгі мақсаты – COVID-19 әсерінің ауқымын анықтау, пандемия кезіндегі проблемаларға жаңа шешім жолдарын ұсыну, идея және тәжірибе алмасуды жеңілдету, ынтымақтастық пен әріптестік желі құру мүмкіндіктерін ұсыну.
Конференцияға жергілікті және халықаралық университеттердің, ғылыми-зерттеу институттарының және басқа да мекеме зерттеушілерін қатысуға қуана шақырамыз. Бұл іс-шара кезінде танымал спикерлер мен зерттеушілер түрлі баяндама, панельдік пікірталастар жүргізеді.
Жұмыстар келесі тақырыпшалар бойынша қабылданады:
- COVID-19 кезеңіндегі жаһандану
- COVID-19 кезіндегі аймақтық интеграция
- Жаһандық басқару мәселелері
- Медициналық қызметке құқық және денсаулық сақтау саласын жекешелендірудегі сын-тегеуріндер
- Тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайындағы балалар мен әйелдер құқығы
- Медициналық кәсіби жауапкершілікті сақтандыру
- Халықаралық сауда құқығы
- Киберқауіпсіздік және IT-құқық
- Адамзат тарихындағы пандемиялар және олардың әсері
- Пандемияның медиа этикасына әсері
- Пандемияның жаңалықтар өндіру мен тұтынуға ықпалы
- Пандемия кезіндегі медианың рөлі
Конференция онлайн режимде бір уақытта қатар жүргізілетін бірнеше секция түрінде өткізіледі және секциялар құқық, халықаралық қатынастар, тарих және мемлекеттік басқару, журналистика және масс коммуникация, адам құқықтары салалары бойынша ұйымдастырылады.
Конференция ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде өтеді.
Мақала/кеңейтілген аннотация жіберу талаптары
Авторларға толық мақала (3500-4000 сөз) немесе кеңейтілген аннотация (1500 сөз) жіберу мүмкіндігі беріледі. Барлық мақалалар мен кеңейтілген аннотациялар рецензиялау комитетінде қаралады және қабылданған жағдайда конференция жинағына енгізіледі.
Маңызды даталар
20 наурыз 2021 жыл – тіркелу және мақала/кеңейтілген аннотация жіберудің соңғы күні
31 наурыз 2021 жыл – мақала/кеңейтілген аннотация қабылданғаны жайлы хабарландыру
12 сәуір 2021 жыл – конференцияның қорытынды бағдарламасы жарияланатын күн
Конференцияға қатысу тегін. Толығырақ мәліметті конференция сайтынан табуға болады: sdu.edu.kz/kz/iclsskz
Электронды пошта: iclss@sdu.edu.kz
Қатысу үшін конференция сайтындағы өтінім формасын толтыруды сұраймыз.