2021 жылы 15-25 наурыз аралығында барлық курстардың топтарында бірлікті, бауырластықты, толеранттылық пен тұрақтылықты бейнелейтін Наурыз мерекесіне арналған онлайн іс-шаралар өткізілді. Шараның мақсаты-жалпыхалықтық мерекенің ерекшелігі мен дәстүрін көрсету.
Тәрбие іс-шараларын өткізуде Қазақстан жерінде бейбітшілік пен достықты нығайтуға, ұлттық бірегейлікті сақтауға, отбасылық құндылықтарды насихаттауға, табиғатқа және қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға арналған тақырыптар басты орын алады. Кураторлар студенттерді ұлттық салт-дәстүрлермен таныстырып, ұлттық бірлікті сақтаудың құрамдас бөлігі ретінде адам мен қоғам өміріндегі әдет-ғұрыптардың маңыздылығын түсіндірді. Ұлттық фольклормен – мақал-мәтелдермен, жаңылтпаштармен, эпостардан үзінділермен таныстырды.
Қазақтың ұлттық тағамдарын көрсетіп, ата – бабаларымыздың игі істері, өмірінен қызықты сәттері, халқымыздың отбасылық дәстүрлері мен құндылықтары (жеті ата- семи поколений) туралы айтып берді. Ұлттық шығармашылық, тұрғын үйді безендірудегі халықтың қолданбалы өнері (кілемдер, құрақ көрпе, алаша, сырмақ, текемет), сондай-ақ, көкпар, бәйге, қыз қуу, жамбы ату, аударыспақ сынды ұлттық спорт түрлері туралы айтылды.