Қазақстан-Ресей медициналық университетінің ғылыми жұмыс бөлімі құрылымдық бөлімше болып табылады.
Бөлімнің басты мақсаты: ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде консультативтік қолдау көрсету, талдау, үйлестіру, сондай-ақ университеттің Инновациялық технологиялар өнімін тәжірибелік денсаулық сақтауға дамыту және енгізу болып табылады.
БӨЛІМНІҢ МАҚСАТТАРЫ:
- медицина ғылымының өзекті проблемалары мен бағыттары бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді дамыту;
- Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру;
- университетте ғылыми-зерттеу қызметін реттейтін нормативтік құжаттарды әзірлеу;
- ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдістемелік және инновациялық жұмыстарды орындауда университеттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру;
- медицинаның өзекті мәселелері бойынша халықаралық, республикалық және өңірлік, ғылыми конференцияларды, съездерді, симпозиумдарды, семинарларды, қысқы мектептерді, “ғылым күндерін” ұйымдастыру және оларға қатысу;
- тәжірибе алмасу және бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатында университеттің Қазақстан мен ТМД елдерінің және алыс
- шетелдердің ғылыми ұйымдарымен ынтымақтастығына жәрдем көрсету;
- университет кафедраларына ғылыми зерттеулер дайындау саласында да, ғылыми-педагогикалық бәсекеге қабілетті кәсіби кадрлар даярлауда да көмек көрсету;
- университеттің инновациялық әзірлемелерінің мониторингі;
- университеттің бюджет қаражаты және өзге де көздері есебінен алынған зияткерлік меншік объектілерін және инновациялық қызмет нәтижелерін есепке алу және басқару;
ҚОЙЫЛҒАН МАҚСАТТАР МЕН МІНДЕТТЕРДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ АЯСЫНДА ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС БӨЛІМІ НЕГІЗГІ ФУНКЦИЯЛАР МЕН ҚЫЗМЕТ БАҒЫТТАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАДЫ:
- Ғылыми-зерттеу жұмысы туралы деректер жинау;
- Жобаларды рәсімдеуге және талдауға кеңестік көмек;
- Ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарлары (ҒЗЖ)
- ҒЗЖ қызметіндегі ПОҚ жеке жоспарлары;
- Университет қызметкерлері мен білім алушыларының(студенттер, магистранттар) ғылыми-зерттеу жұмыстарының орындалуын үйлестіреді);
- Университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлеріне университетте ғылыми-зерттеу қызметін регламенттейтін нормативтік-құқықтық құжаттарды әзірлейді және ұсынады;
- Халықаралық, республикалық ғылыми конференцияларды, съездерді, симпозиумдарды, мектептерді, семинарларды ұйымдастырады және оларға қатысады;
- Инновациялық әзірлемелердің мәліметтер базасын қалыптастырады және университет алған құқық қорғау – қабілетті нысандарының есебін жүргізеді;
- Инновациялық қызмет және зияткерлік меншікті құқықтық қорғау мәселелері бойынша әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді.