2021 жылдың 30 қыркүйегінде университетте 1 курс студенттері көрнекті ғалым, қоғам қайраткері, еліміздегі хирургтар мектебінің негізін қалаушы, Халықаралық хирургтар қауымдастығының мүшесі, Халық Қахарманы Мұхтар Әлиұлы Әлиевтің мұражайымен танысты. Мұражайда М.Ә.Әлиевтің балалық шағы, отбасы, студенттік кезеңі туралы фотоқұжаттар; ғылымдағы жетістіктері туралы құжаттар; ҚР Денсаулық сақтау министрі лауазымында болуы туралы құжаттар; А.Н.Сызғанов атындағы «Клиникалық және эксперименттік хирургия орталығының» президенті болып тағайындалуы туралы құжаттар және жеке заттардың шағын коллекциясы ұсынылған. Студенттер ұлы хирург және ғалымның тұлғасына үлкен қызығушылық танытты.
Академик М.Ә.Әлиевтің мұражайына барып, оның қызметімен, өмірлік ұстанымымен және өмір жолының маңызды мәселелерімен танысқан студенттер болашақ таңдаған мамандығын игерудің дұрыс бағытын алды деп сенеміз.