Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру аясында, әлемдік ғылымда өз орны бар қазақтан шыққан тұңғыш ғалым, ағартушы, этнограф Ш.Ш. Уәлихановтың ғылыми мұрасы мен ардақты есімін жастар арасында кеңінен насихаттау, ғылыммен шұғылдануға деген қызығушылықты артыру; жас ұрпақтың бойында, өз еліне, оның тамыры терең тарихына деген құрмет пен мақтаныш және патриоттық сезім мен көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру мақсатында, Қазақстан-Ресей медициналық университеті Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы 19 қараша 2021 жылы, тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Шоқан Уәлиханов және қазақ руханияты» атты жас ғалымдар мен студенттердің республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференциясын өткізді.
Аталған іс-шараға республикамыздың жоғары оқу орындарының оқытушылары мен білім алушылары, атап айтқанда, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, «Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты», сондай-ақ, Қазақстан-Ресей медициналық университетінің «Жалпы медицина», «Стоматология», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Фармация» және «Мейіргер ісі» мамандықтарының 1-2 курс студенттері қатысты.