«Қазіргі уақытта қоршаған ортаны қорғау мәселесі өте өзекті» – бүгінде бұл фраза қоғам қайраткерлерінің сөйлеген сөздерінде, газет тақырыбы ретінде және жаңалықтар арналарында үнемі талқыланып тұрады, сондықтан бұл мүлдем қалыпты жағдайға айналды.
Адам табиғаттың осынша үздіксіз жойылуының салдарын тоқтатып, қандай да бір жолмен бейтараптандыра алуы мүмкін бе? Осы сұрақты алға қоя отырып, «Стоматология» факультетінің 209А тобының білім алушылары микробиология кафедрасының ассистентімен бірге волонтерлік қызмет аясында қоршаған ортаны ластаудан тазартуға өз үлестерін қосуға шешім қабылдады. 2022 ж. 7 наурызында білім алушылар тауда, демалыс аймағында экологиялық сенбілік өткізді.
Қолғаптармен және қоқыс дорбаларымен қаруланған студенттер осындай еңбек десантына аттанды, және шынымен де екі сағаттық тазарту шайқасқа ұқсады – таулардағы қоқыспен, лас ортамен және немқұрайдылықпен күрес. Осы екі сағат ішінде көп қоқыс шығарылғаны сонша, жақын жерде орналасқан қоқыс жәшіктері мұндай көлемді әрең сыйдырады, бірақ бұл орман кеңістігін толтырған қоқыстың оннан бір бөлігі де емес. Ауыр еңбекке қарамастан, студенттер атқарылған жұмыстарға риза болды.