Алматы қаласының Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының спорттық-бұқаралық іс-шаралар күнтізбесіне сәйкес 2022 жылғы 21-22 сәуірде Алмалы ауданы әкімдігі білім бөлімі Қазақ спорт және туризм академиясы базасында студенттер арасында шағын футболдан қалалық турнир өткізді.
Аталған іс-шараны өткізудің мақсаты-жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауда дене шынықтыру және спорт шараларын кеңінен насихаттау, жастарды дене шынықтырумен және спортпен тұрақты шұғылдануға тарту, жастар арасындағы мықты спортшылар мен командаларды анықтау.
Жарыс Халықаралық футбол федерациясының (FIFA) ережелері бойынша өткізілді. Жарыста табандылық танытқан біздің ҚРМУ құрама командасы жартылай финалға дейін жетіп, мықты қарсылас Ұлттық студенттік футбол лигасының қатысушылары АЛТ құрамасымен кездесті. Турнир қорытындысы бойынша ҚРМУ құрама командасы 4 орынға ие болды.