2022 жылдың 12 қыркүйегінде ҚРМУ кітапханасында Clarivate Analytics компаниясының Орталық Азия аймағындағы елдеріндегі ресми өкілі, PhD, ғылыми-метрия бойынша сарапшы, радиациялық материалтану саласы бойынша зерттеуші Кенжина Инеш Ерғазықызының жүргізумен «Web of Science мәліметтер базасын және заманауи ғылыми-метриялық әдістемелерді пайдалану» тақырыбында тренинг өтті. Тренингке ҚРМУ кітапханасының қызметкерлері, студенттер мен оқытушылар құрамынан 26 оқырман қатысты.
Спикер Кенжина Инеш Ерғазықызы өз баяндамасында Web of Science мәліметтер базасында қалай индекс хиршаны табу, мақаланың халықаралық мәліметтер базасында жариялануы, қазіргі заманғы әрбір ғалымның ғылыми-зерттеу қызметіндегі маңызды қажеттілігіне айналуы, авторлық рейтингті қалай көтеру және онда қандай жаңа мүмкіндіктер бар екенін ашып түсіндірді. Баспаға мақала беру- өте күрделі және ұзақ процесс болса да, көптеген ғалымдарымыздың жұмыстары Web of Science базасында мақалалары жарияланғандығын атап өтті. Ғылыми-зерттеу белсенділігінің деңгейі бойынша әлем елдерінің рейтингі- яғни рецензияланатын ғылыми басылымдарда жариялаған ғылыми-зерттеу мақалаларының саны туралы статистикалық деректердің салыстырмалы талдауы көрсетілді.
МАҚАЛАЛАРДЫҢ ТҮПНҰСҚАЛЫЛЫҒЫН АНЫҚТАУ, РЕЦЕНЗИЯЛАУ ЖӘНЕ ЖАРИЯЛАУ ТӘРТІБІ:
• Журналда жариялау үшін келіп түскен барлық мақалалар түпнұсқалылықты анықтау және рецензиялау рәсімінен міндетті түрде өтуге жатады.
• Журнал редакциясы мақаланың техникалық ресімделу талаптарына сәйкестігін анықтайды және оны плагиатқа тексеру және түпнұсқалылығын айқындауға жібереді.
• Түпнұсқалығы анықталғаннан кейін журнал редакциясы электрондық пошта арқылы мақаланы ғылым докторы немесе ғылым кандидаты / философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі бар кемінде 2 маманға рецензиялауға жібереді..
• Әрбір жеке жағдайда рецензиялау мерзімі мақаланы жедел жариялау үшін жағдай жасауды ескере отырып, журнал редакциясымен анықталады.