«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында және қазақ жазушысы, журналист, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толуына орай 2022 жылғы 8 желтоқсанда Тілдер пәндері кафедрасының тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес «Шерхан Мұртазаның өмірі, шығармашылығы және қоғамдық қызметі» тақырыбында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының білім алушыларының қатысуымен республикалық дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Ш. Мұртазаның, жазушылық, журналисттік талантымен таныстыру, студенттердің өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, патриоттық сезімін тәрбиелеу. Іс-шараға Т. Жүргенов атындағы Өнер Академиясы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Каспий қоғамдық университеті, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің студенттері қатысты.