Қазіргі білім беру жүйесіндегі маңызды мәселелердің бірі – білім беруді кәсібилендіру. Қазақстан-Ресей медициналық университеті ұжымының да алға қойған мақсаттарының бірі – бәсекеге қабілетті, еңбек нарығында сұранысқа ие бола алатын маман дайындау. Сол мақсатта атқарылып жатқан істердің бірі – қазақ, орыс, ағылшын тілдерін интеграциялап оқыту, білім беру кеңістігіндегі ықпалдастықты жаңа деңгейге көтеру. Интеграциялық білім студенттің ақпараттық, когнитивті және коммуникативті құзіреттілігін дамытады. Бүгінгі интеграциялық оқытуға арналған семинар сабақты қазақ тілінің оқытушысы Р.Т.Кулабаева, орыс тілінің оқытушысы Г.Қ. Аманбаева, ағылшын тілінің оқытушысы А.М.Ибрагимова өткізді. Бұл шараны ІІ семестрге дайындық, интеграциялық оқыту шеберлігін шыңдау мақсатындағы сынақ сабағы деуге де болады. Сабақ барысында «Күрделі толықтауыш» грамматикалық тақырыбы және Бауыр-өт жолдары ауруларының атаулары, белгілері, емдеу жолдары т.б. үш тілде қарастырылды. Студенттер рөлін кафедра оқытушылары атқарды. Бүгінгі семинарға кафедра меңгерушісі, ф.ғ.д. Дүйсембекова Л.С., оқытушылар: Шаихова М.А., Бейсебекова Г., Молдагалиева С.А., Утешева Е.А., Саурықова А.М., Абылгазина Б.Ш., Сапар Г.С., Кейшилова С.М., Аяпбергенова К.С., Баянбаева А. қатысты. Бүгін кәсіби даму, творчестволық толығу күні болды.