2023 жылдың ақпан айында «Фармация» кафедрасының оқытушылары, кураторлары мен студенттері «Фармация мектебінің 70 жылдығы» тақырыбында конференция өткізді.
Отандық өндірушілер шығаратын және бірыңғай дистрибуция жүйесі бойынша жеткізілетін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың сапасы конференцияның тақырыбына айналды.
Конференцияға фармацевтикалық компаниялардың, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сараптаудың Ұлттық орталығының, «СК-Фармация» ЖШС, Трансфузиология ғылыми-практикалық орталығының, «Қазақстанның ФармМедИндустриясы» фармацевтикалық және медициналық өнімдерді өндірушілер қауымдастығының өкілдері және дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды отандық өндірушілер қатысты. Сондай-ақ, ақаудың себептерін анықтау және сапасыз өнімді жеткізу салдарын жою бойынша отандық өндірушілер қабылдаған шаралар туралы ақпарат тыңдалды. Фармацевтер студенттермен болашақта жас мамандарға пайдалы болатын дағдыларымен бөлісті.