2023 жылғы 18 наурызда «Қазақстан-Ресей медициналық университетінде» іс-шараларды өткізу мақсатында Алматы қаласы мектептері мен колледждерінің оқушылары арасында «Ашық есік күні» өтті.
Іс-шаралардың басты мақсаты – университетке оқуға түсу, кафедралармен танысу және оларды аралау.
100-ге жуық оқушы әскери кафедраға келіп, кітапханамен, компьютерліқ сыныппен, оқу аудиторияларымен және оқу қаруларымен танысты.
Кафедраға келгеннен кейін оқу ақысы, гранттар саны, қандай мамандықтар даярлайтындығы, артықшылықтары, оқу бағдарламасының аяқталуы және т.б. сұрақтар қойылды.
Іс-шаралар аяқталғаннан кейін Әскери кафедра курсанттары «Зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсету: жүрек өкпе реанимациясы, қан кетуді тоқтату, аяқ-қолды иммобилизациялау» бойынша тәжірибелік сабақтар өткізілді.
Кездесу жоғары ұйымдастырушылық деңгейінде өткендіктен оқушыларда үлкен қызығушылық туындады.