Ағымдағы жылдың 4 қыркүйек күні «Қазақ-Ресей медициналық университетінің» ректоры Нұрлан Темірбекұлы Джайнакбаев Санкт-Петербург қаласындағы «Алмазов орталығының медициналық білім беру институты» федералдық мемлекеттік бюджеттік мекемесінде болып, 5 курс студенттеріне «Шұғыл медицина» (апаттар медицинасы) пәні бойынша дәрістер топтамасын өткізді, дәрігерлер, мамандандырылған қызметтер, көлік және мемлекеттік органдар өкілдері арасында дер кезінде ден қоюдың және жақсы үйлестірілген топтық жұмыстың маңыздылығын атап өткен, Нұрлан Темірбекұлы Қазақстанда мобильді және әскери медицина саласындағы мақсатты жобаларды жүзеге асыру барысын талқылады. Ол сонымен қатар COVID-19 пандемиясы кезінде қолданылған бірқатар мобильді диагностикалық, емдеу және клиникалық кешендермен таныстырды.
Академиялық тәжірибе алмасу аясында «Көрнекі анатомия» пәнінің оқытушысы Владислав Саитов көркем анатомиядан дәріс оқыды, одан кейін 3 курс студенттері қатысқан қызықты шеберлік сыныбын өткізіп білім берудегі соңғы әдістер туралы талқыланды. «Көрнекі анатомия» пәнінің бұл инновациялық енгізілімі студенттерге оқу материалын меңгеру үшін ғана емес, оны жақсы есте сақтау және практикада қолдану үшін өздерінің көркемдік дағдыларын пайдалануға көмектеседі.