«Қоғамдық денсаулық» және «Гигиена және эпидемиология» кафедраларының волонтерлік қызметі

2023 жылғы 27 қарашада «Қоғамдық денсаулық» және «Гигиена және эпидемиология» кафедраларының оқытушылары мен 401 Б тобының волонтер – білім алушылары Алматы қаласының күндізгі болу орталығында қарт адамдардың денсаулық, қауіпсіздік және психологиялық салауаттылық мәселелерінде хабардарлығын арттыруға бағытталған ағарту жұмыстарын, әлеуметтік белсенділік деңгейін және қарт адамдардың қоғамдық іс-шараларға қатысуын арттыруды жүргізді.