Сәуірдің 26 күні мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша, оның ішінде ауылдық квота шеңберінде оқитын «Қазақстан-Ресей медицина университеті» МЕББМ-нің 2024 жылғы түлектерімен «Қаржы орталығы» АҚ өкілі Серікқали Ақзирамен кездесу өткізілді.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша, оның ішінде ауылдық квота шеңберінде оқитын түлектер оқуын мідетті түрде үш жылдық жұмыспен өтеу мәселелері талқыланды. «Қаржы орталығы» АҚ өкілі Серікқали Ақзира алдымен маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен шеккен шығыстарды өтеу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемелекеттік білім беру тапсырыс негізінде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмыспен өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидалары ережесі бойынша баяндама жасады.
“Қаржы орталығы” АҚ-дан дербес деректерді алуға сұрау салу туралы “Электрондық үкімет” порталының бірыңғай байланыс орталығынан 1414 SMS жолдайтыны туралы ақпарат берілді.
Сондай-ақ, “Қаржы орталығы” АҚ өкілі түлектердің сұрақтарына жауап берді.