Қазақстан-Ресей медициналық университеті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаментінің ұсыныстарына сәйкес университетішілік «Медицина үздігі – 2024» конкурсының басталғанын хабарлайды.
Конкурстық өтінімдер 2 номинация бойынша қабылданады:
– «Медицина университетінің үздік оқытушысы»;
– «Денсаулық сақтау саласындағы үздік ғалым».
Конкурсқа қатысу үшін 2024 жылдың 10 мамырына дейін (қоса алғанда) сәйкес номинацияға өтінімді толтырып, nauka@medkrmu.kz электрондық поштасына жіберу қажет. Жеңімпаз болып тиісті номинация бойынша ең жоғары балл алған үміткер анықталады (критерийлер өтініш нысанында көрсетілген).
Университетішілік кезеңнің жеңімпаздары республикалық конкурсқа қатысу үшін 2024 жылдың 18 мамыр күніне дейін келесі құжаттарды электронды түрде ұсынуы қажет болады:
1) номинацияны көрсете отырып, еркін нысандағы конкурсқа қатысуы туралы өтініш;
2) фотосуреті бар түйіндеме;
3) конкурсант жұмыс істейтін денсаулық сақтау ұйымының басшысы куәландырған кәсіптік қызмет туралы есеп кәсіби қызмет туралы деректермен және тиісті номинацияға бағалау әдістемесінде көрсетілген көрсеткіштердің әрқайсысына қол жеткізу жөніндегі ақпаратпен (көрсеткіштердің (өлшемшарттар мен индикаторлардың) әрқайсысына қол жеткізу жөніндегі ақпарат бағалау әдістемесінде көрсетілген нысан бойынша кестелік форматта ұсынылады тиісті номинация бойынша. Есеп көлемі 15 баспа парағынан аспауы тиіс);
4) конкурсант туралы бейнеролик (3 минуттан аспауы тиіс).
Барлық сұрақтар бойынша Ғылым және халықаралық ынтымақтастық департаментіне хабарласыңыз: nauka@medkrmu.kz, №804 каб. (Бас корпус ғимараты), +7 727 279-29-78.