2019 жылдың 07 маусымы күні Қазақстан-Ресей медицина университетінде Кариб теңізінде орналасқан Антигуа мен Барбуда аралдарының Генерал-губернаторы Сэр Родни Эрри Лоуренс Уильямс жұбайы леди Сандра Уильямспен, Антигуа мен Барбуда мемлекетінің Ресейдегі Құрметті елшісі Джулиен Хансен жұбайы Роллан Хансен қонақ болып кетті.
Сэр Родни Уильямс – дәрігер-хирург, 1984 жылдан бері саяси қызметте Білім, спорт және жастар саясаты министрлігі, Туризм, мәдениет және қоршаған орта министрлігін басқарып келген. Белсенді саясаткер қызметін атқарып жүріп, медицина саласындағы қайырымдылық шараларын тастаған емес.
ҚазРесмедуниверситеті Ректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Нұрлан Темірбекұлы Жайнақбаев ресми сәлемдеме жасап, қонақтарды профессорлық оқытушы құраммен таныстырып өтті. Сонымен қатар, университеттің қазіргі жағдайы мен жетістіктері жайлы және жүргізіп отырған ғылыми жобалары туралы айтып берді. Осы жайлы баяндамалар, презентация, және қайырымдылық жобалар бойынша фильмдер көрсетілді.
Сэр Родни Уильямс «Спорттық медицина» тақырыбында баяндама жасап, Антигуа және Барбудадағы спортшыларға көрсетілетін сапалы медициналық қызмет барсындағы тәжірбимен бөлісті.
ҚазРесмедуниверситет Ғылыми Кеңесінің шешімімен Сэр Родни Уильямске Профессор жоғары атағы берілді сонымен қатар Ректор, м.ғ.д., профессор Нұрлан Темірбекұлы Жайнақбаев қонақтарға кәде-сый тартты.