УРОЛОГИЯ ЖӘНЕ АНДРОЛОГИЯ, СОНЫҢ ІШІНДЕ БАЛАЛАР УРОЛОГИЯСЫ
“Урология және андрология, соның ішінде балалар” мамандығы бойынша оқуды аяқтаған түлекке “уролог-андролог, соның ішінде балалар уролог” біліктілігі берілген сертификат, уролог-андролог дәрігер ретінде өзіндік практикалық қызметке рұқсаты бар резидентураны бітіргені туралы куәлік беріледі. Үш жылдық тәжірибесі бар түлектер докторантурада әрі қарай оқуын жалғастыруға құқылы.
- Оқыту тілі: қазақ, орыс;
- Интернатурада оқу мамандығы: Жалпы практика дәрігері;
- Оқу түрі: күндізгі;
- Осы бағдарлама кімге арналған: интернатура түлектеріне;
- Оқу мерзімі: 3 жыл;
- Конкурсқа қатысу үшін өтініштерді қабылдау мерзімі ағымдағы жылдың 3 шілдесінен 25 шілдесіне дейін.
Резидентура білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша түсу емтиханы күнтізбелік жылдың 8-16 тамыз аралығында, қабылдау күнтізбелік жылдың 28 тамызына дейін жүргізіледі.