АЛЛЕРГОЛОГИЯ ЖӘНЕ ИММУНОЛОГИЯ, ОНЫҢ ІШІНДЕ БАЛАЛАР АЛЛЕРГОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ИММУНОЛОГИЯСЫ
“Аллергология және иммунология, оның ішінде балалар аллергологиясы” мамандығы бойынша оқуды аяқтаған түлекке “аллерголог-иммунолог, оның ішінде балалар аллергологы” біліктілігі берілген сертификат, аллерголог-иммунолог дәрігері ретінде өзіндік практикалық қызметке рұқсаты бар резидентураны бітіргені туралы куәлік беріледі. Үш жылдық тәжірибесі бар түлектер докторантурада әрі қарай оқуын жалғастыруға құқылы.
- Оқыту тілі: қазақ, орыс
- Интернатурада оқу мамандығы: Жалпы практика дәрігері
- Оқу түрі: күндізгі
- Осы бағдарлама кімге арналған: интернатура түлектеріне
- Оқу мерзімі: 2 жыл
- Конкурсқа қатысу үшін өтініштерді қабылдау мерзімі ағымдағы жылдың 3 шілдесінен 25 шілдесіне дейін.
Резидентура білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша түсу емтиханы күнтізбелік жылдың 8-16 тамыз аралығында, қабылдау күнтізбелік жылдың 28 тамызына дейін жүргізіледі.