Жылдың үздік кураторы байқауы туралы ереже 30.03.2022
Положение о Социальной поддержке обучающихся [Скачать файл]
Положение о студенческом совете [Скачать файл]
Студенческий совет [Скачать файл]
Программа_адаптации_студентов_каз
Эффективные психологические способы подготовки к экзаменам в условиях карантина [Скачать файл]
ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС
ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ
2017 жылы 04 желтоқсаннан бастап ЖОО-да тәрбие және әлеуметтік жұмысқа функционалды жауапты құрылымдық бөлімше құрылды. Бөлім қызметі тәрбие жұмысы жөніндегі проректорға бағынады.
КАДРЛЫҚ ҚҰРАМ:
- Совостьянова Татьяна Анатольевна – тәрбие жұмысы жөніндегі проректор;
- Шайхина Сауле Шахатовна – тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімінің бастығы;
- Зияданова Айгуль Амантаевна – бас маман;
- Ахан Ләйла Ахановна – бас маман.
Тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттері
МАҚСАТЫ: жоғары мәдениетке, интеллигенттікке, әлеуметтік белсенділікке, патриот-азамат қасиеттеріне ие, жоғары кәсіби білімді болашақ бәсекеге қабілетті маман тұлғасын жан-жақты дамыту.
МІНДЕТТЕРІ:
- студенттердің жоғары адамгершілік мәдениетін қалыптастыру;
- белсенді азаматтық ұстаным мен патриоттық сананы, құқықтық және саяси мәдениетті қалыптастыру;
- тиімді кәсіби қызмет үшін қажетті жеке қасиеттерді қалыптастыру;
- студенттік өзін-өзі басқарудың әр түрлі формаларында ұжымды басқару дағдылары мен біліктерін үйрету;
- университеттің тарихи-мәдени дәстүрлерін сақтау және көбейту, студент жастарды тәрбиелеудегі сабақтастық;
- физикалық жағдайын нығайту және жетілдіру, салауатты өмір салтына ұмтылу, темекі шегуге, есірткіге, алкоголизмге, қоғамға қарсы мінез-құлыққа төзбеушілікке тәрбиелеу.
Тәрбие жұмысының негізгі бағыттары:
- Азаматтық-патриоттық тәрбие: студенттердің бойында жоғары патриоттық сананы, Отанға деген махаббат және адалдық сезімін қалыптастыру;
- Рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбие: студенттерде қазақстандық интеллигенттің адамгершілік және жоғары мәдениетін тәрбиелеу, жастарда отандық, ұлттық өнер құндылықтарын және әлемдік мәдениеттің үздік үлгілерін оң қабылдауға арналған ұстаным орнату; көпұлтты Қазақстанда тұратын халықтардың мәдениетіне, өнеріне және дініне толерантты, құрметпен және ұқыпты қарым-қатынас жасау;
- Кәсіби тәрбие: студенттердің оқуға деген қажеттілігін дамыту, жоғары адамгершілік және өмірлік құндылықтар ретінде еңбек пен кәсіпқойлыққа деген қарым-қатынасты тәрбиелеу;
- Құқықтық: студенттерде деструктивті діни идеологияға иммунитетті тәрбиелеу, қоғамдағы діннің орны мен рөлін түсіну. Қоғамдық-саяси сауаттылықты дамыту, жастар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу;
- Салауатты өмір салты: салауатты өмір салтының қажеттілігін қалыптастыру және тәрбиелеу, әуесқой спорттық жарыстарға қатысу, студенттердің спорттық бос уақытын ұйымдастыру;
- Әлеуметтік: әлеуметтік серіктестік принциптерін түсіндіру, студенттік еріктілер қозғалысын қалыптастыру және дамыту.
КУРАТОРЛАР КЕҢЕСІ
Университет кураторларының кеңесі-тәрбие процесін басқару жүйесіне кіретін, университет кураторларының әдістемелік және ұйымдастырушылық жұмыстарын үйлестіретін кеңесші орган болып табылады.
Кураторлар кеңесінің құрамына кіреді:
- Совостьянова Т.А. – кураторлар Кеңесінің төрайымы;
- Шайхина С.Ш. – кураторлар Кеңесі төрайымының орынбасары.
- Кураторлар Кеңесінің мүшелері:
- Әсет Әлия – Жалпы медицина факультетінің аға кураторы;
- Кулабаева Римма Турсуновна – Стоматология факультетінің аға кураторы;
- Кәлім Жансая – Фармация факультетінің аға кураторы.
- Сыздыкова Азиза Биржановна – Қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің аға кураторы;
- Курбанова Мунира – Мейіргер ісі факультетінің аға кураторы.
Куратор-академиляқ топ тәлімгері, ол:
- топ белсендісін қалыптастыруға және топ белсендісі мен академиялық топ арасындағы өзара қарым-қатынас тәртібін белгілеуге ықпал етеді;
- топ белсендісімен бірге студенттік топтың алдында тұрған жылдық мақсаттар мен міндеттерді анықтайды. Топ белсендісімен бірге бір оқу жылға арналған жұмыс жоспарын әзірлейді және оны кафедра меңгерушісіне бекітуге ұсынады;
- білім алушыларды Университеттің ішкі тәртіп ережелерімен, Білімді бағалаудың рейтингтік жүйесі туралы ережемен, оқу орнының құрылымдық бөлімшелерімен және студенттік қоғамдық бірлестіктерімен таныстырады;
- студенттердің үлгерімі мен сабаққа қатысуын қадағалайды, деканат және тіркеу кеңсесі қызметімен байланыста жұмыс істейді;
- студенттерге оқу және оқудан тыс уақытты тиімді пайдалануға көмектеседі, студенттерді өзіндік жұмысты жоспарлауға үйретеді;
- студенттерді кәсіптік бағдарлау бойынша жұмыстарды, конференцияларға, семинарларға, конкурстарға, дөңгелек үстелдерге, дебаттарға, спорттық жарыстарға, қоғамдық-пайдалы жұмыстарға және басқа да іс-шараларға қатысуға тарту жұмыстарын жүргізеді.
Куратордың барлық қызметі Университеттің қоғамдық ұйымдарымен және студенттік топпен байланыс және келісілген іс-әрекет негізінде жүзеге асырылады. Куратордың бірінші көмекшісі-студенттік топ старостасы болады.
Психологтың қызметінің мазмұны:
Мақсаты: студент жастарға психологиялық қолдау көрсету, өзін-өзі жеке және кәсіби дамуына, студенттік өмір салтына және заманауи әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың өзгеруіне байланысты бейімделуіне көмектесу.
Міндеттері:
- Студенттердің бойында сапалы білім алуға және белсенді өмірлік ұстанымды дамытуға жеке мотивация қалыптастыру процесін бағыттау;
- Студенттердің, оқытушылар мен қызметкерлердің психологиялық денсаулығын сақтау және қолдау;
- Тиімді коммуникативтік құзыреттіліктер мен дағдыларды дамыту және қалыптастыру арқылы студенттер мен профессор-оқытушылар құрамы арасындағы психологиялық байланыстарды нығайту.
Психологиялық көмек келесі негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
- Психодиагностикалық жұмыс. Ол негізгі зерттеу әдістерінің көмегімен жүзеге асырылады: бақылау, табиғи және қалыптастырушы эксперимент, сауалнама әдісі, қызмет өнімдерін талдау әдісі, тестілеу әдісі.
- Психокоррекциялық жұмыс. Дамыту мен түзетудің топтық және жеке бағдарламаларын (тренингтерді) әзірлеуді қамтиды.
- Психопрофилактикалық жұмыс. Ол психологиялық шамадан тыс жүктемелердің, невротикалық бұзылулардың, эмоционалды күйзелістердің, тұлғааралық қақтығыстардың алдын алуға, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал құруға және т. б. бағытталған топтық жұмыс бағдарламаларын және әртүрлі даму шараларын әзірлеуді қамтиды.
- Психологиялық кеңес беру. Консультативтік жұмыс әртүрлі мәселелер бойынша жеке және топтық кеңес беруге, өмірлік және кәсіби өзін-өзі анықтауды, тұлғааралық қарым-қатынасты дамытуға, әкімшілікке кеңес беруге және т. б. бағытталған.
- Психологиялық-ағартушылық қызмет психологиялық мәдениетті, психологиялық білімді және психологиялық саулықты арттыруға бағытталған.
Университет жатақханаларындағы жұмыс:
Психологиялық-педагогикалық жұмыс жатақханаларда апта сайын жүргізіледі. Жатақханада тұратын студенттермен адамгершілік, мәдениет және психологияның өзекті мәселелері мен заманауи мәселелерін талдайтын әңгімелесулер, кеңестер өткізіледі. Бейнематериалдар мен роликтер көрсетіледі
Психолог туралы ақпарат:
Құрметті университет қызметкерлері, профессор-оқытушылар құрамы және білім алушылар! Психологиялық көмек алу қажет болған жағдайда №702 кабинетке хабарласуға болады. Байланыс телефоны: 250-92-58.
Сізге психологтың «Карантин жағдайында емтиханға дайындалудың тиімді психологиялық тәсілдері» кеңесін жүктеп алуды ұсынамыз
Карантин_жағдайында_студенттерге_арналған_кеңестер_1_1
Психологтан «Бірінші курс студенттерін оқуға бейімдеу бағдарламасы»
Психолог презентациясы
СТУДЕНТТІК КЕҢЕС
Студенттік Кеңес-студент жастардың өмір салтының маңызды мәселелерін шешуге, оның әлеуметтік белсенділігін дамытуға, әлеуметтік бастамаларды қолдауға және іске асыруға бағытталған мақсаттарды іске асыру үшін студенттердің бастамасымен құрылған “ҚазРесмедуниверситеті” МЕББМ студенттік өзін-өзі басқару органы.
2022-2023 оқу жылында студенттердің жалпы дауыс беруімен, Стоматология факультетінің 5 курс студенті Тахир Томирис университеттің студенттік Кеңесінің төрайымы болып сайланды.
ӘЛЕУМЕТТІК КОМИССИЯ
Студенттерді әлеуметтік қолдау мақсатында университетте “Студенттерге әлеуметтік көмек көрсету туралы ереже” бекітілді. Университет оқу ақысын төлеу бойынша жеңілдіктер ұсынады. 2017 жылғы 29 желтоқсанда №362 «Әлеуметтік мәселелер жөніндегі комиссия құрамына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық шығарылды.
Комиссия шешімі бойынша оқу ақысын төлеу бойынша жеңілдіктер берілді:
- 2019-2020 оқу жылында 54 студентке оқу ақысы бойынша 50%, 30%, 20%, 10%, 5% жеңілдік берілді, 58 студентке ай сайын төлеу мүмкіндігі берілген.
- 2020-2021 оқу жылында 43 студентке оқу ақысы бойынша 50%, 30%, 20%, 10%, 5% жеңілдік берілді, 32 студентке ай сайын төлеу мүмкіндігі берілген.
- 2021-2022 оқу жылында 51 студентке оқу үшін жеңілдік мөлшері 50%, 30%, 20%, 10%, 15%, 5%, 57- студенттерге ай сайын төлем жасауға мүмкіндік берілді.
- 2022-2023 оқу жылында 83 студентке оқу үшін жеңілдік мөлшері 50%, 30%, 10%, 15%, 5% берілді.
УНИВЕРСИТЕТ ЖАЛДАҒАН ЖАТАҚХАНА
Мекен-жайы: Төле би, 106
Тұру құны: 1 төсек-орын үшін айына 35.000 теңге, төлем бірден 3 ай бұрын жүргізіледі.
Тұру шарттары: бөлме 3 және 4 адамға арналған; жуынатын бөлме, душ және ас үй әр қабатта ортақ; өткізу жүйесі жұмыс істейді.
Жатақханаға орналасуға арналған құжаттар: өтініш, куәліктің көшірмесі, 3*4 фотосурет (2 дана)
Егер білім алушылардың саны қалған орын санынан асып кетсе, орналастыру келесі басымдықтар бойынша жүргізіледі (кезектілік тәртібімен):
- жетімдер
- ата – анасының біреуінен айырылған білім алушылар
- отбасының табысы төмен білім алушылар (растайтын құжат болған жағдайда)
- басқа себептер.