Онлайн кураторлық сағат
«Мен қандай адаммын?» тақырыбындағы онлайн кураторлық сағат
2020 жылдың 13 сәуірінде Стоматология факультетінің 106 А және Б тобының кураторы А. Б. Умуртаева ZOOM форматында «Мен қандай адаммын?» атты кураторлық сағат өткізді. Сұхбаттың негізгі мазмұны батылдық, мейірімділік, Отанға деген сүйіспеншілік сияқты ең жақсы адами қасиеттерді ашуға арналды.
— — — — — — — — — — — — — —
«Спорт және гигиена – денсаулық кепілі!»
2020 жылдың 14 сәуірінде Жалпы медицина факультетінің 421 Б тобының кураторы М.Р. Абдықасымова студенттерімен Zoom платформасында вебинар түрінде «Спорт және гигиена – денсаулық кепілі!» атты тәрбие сағатын өткізді. Іс-шарада ұзақ өмір сүру және мықты денсаулыққа жетудің жолы тек спорпен, физикалық жаттығулар, қозғалыспен байланысты екендігі айтылды.