Болашақта ел тұтқасын ұстар азаматтардың кәсіби біліктілігі бүгінгі күн тәртібінде тұрған маңызды мәселелердің бірі. Осы арада әсіресе медицина саласының болашақ қызметкелерінің сапалы білім алуы, ғылыми дүние танымын арттыруы аса маңыздылығын ескеріп, оны өзіне миссия еткен патологиялық анатомия және сот медицинасы патологиялық физиология курсымен кафедрасы да студенттердің фундаменталды пәндерді оқуы және осы пәндерге қызығушылығын арттыру, білім мен клиникалық ойлаудан тұратын дәрігерлік кәсіптік дағдысын қалыптастыру мақсатында 29.04.2024ж күні «Дәрігерлік жолыма бастама» атты 2 курс аралық кафедра ішілік олимпиадалық турнир өткізді. «Бүгінгі ұрпақ – ұлт болашағы» демекші, аталмыш іс шара болашақ жас ұрпақты білім жолында шыңдап, озат ойларын еркін жеткізе алуына және болашаққа деген сенімдерін нығайтуға үлесін қосары сөзсіз. Қорытындылай келгенде олимпиада «Ақ халатты абзал жан» болам деген болашақ дәрігерлерге бағыт бағдар беріп, студенттердің патологиялық физиология және патологиялық анатомия пәндері бойынша жинақтаған білімдерін тиімді қолдану және терең түсіну мүмкіндіктеріне негізделіп өткізілді.
Қазақстан-Ресей медициналық университеті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаментінің ұсыныстарына сәйкес университетішілік «Медицина үздігі – 2024» конкурсының басталғанын хабарлайды.
Конкурстық өтінімдер 2 номинация бойынша қабылданады:
– «Медицина университетінің үздік оқытушысы»;
– «Денсаулық сақтау саласындағы үздік ғалым».
Конкурсқа қатысу үшін 2024 жылдың 10 мамырына дейін (қоса алғанда) сәйкес номинацияға өтінімді толтырып, nauka@medkrmu.kz электрондық поштасына жіберу қажет. Жеңімпаз болып тиісті номинация бойынша ең жоғары балл алған үміткер анықталады (критерийлер өтініш нысанында көрсетілген).
Университетішілік кезеңнің жеңімпаздары республикалық конкурсқа қатысу үшін 2024 жылдың 18 мамыр күніне дейін келесі құжаттарды электронды түрде ұсынуы қажет болады:
1) номинацияны көрсете отырып, еркін нысандағы конкурсқа қатысуы туралы өтініш;
2) фотосуреті бар түйіндеме;
3) конкурсант жұмыс істейтін денсаулық сақтау ұйымының басшысы куәландырған кәсіптік қызмет туралы есеп кәсіби қызмет туралы деректермен және тиісті номинацияға бағалау әдістемесінде көрсетілген көрсеткіштердің әрқайсысына қол жеткізу жөніндегі ақпаратпен (көрсеткіштердің (өлшемшарттар мен индикаторлардың) әрқайсысына қол жеткізу жөніндегі ақпарат бағалау әдістемесінде көрсетілген нысан бойынша кестелік форматта ұсынылады тиісті номинация бойынша. Есеп көлемі 15 баспа парағынан аспауы тиіс);
4) конкурсант туралы бейнеролик (3 минуттан аспауы тиіс).
Барлық сұрақтар бойынша Ғылым және халықаралық ынтымақтастық департаментіне хабарласыңыз: nauka@medkrmu.kz, №804 каб. (Бас корпус ғимараты), +7 727 279-29-78.
Сәуірдің 26 күні мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша, оның ішінде ауылдық квота шеңберінде оқитын «Қазақстан-Ресей медицина университеті» МЕББМ-нің 2024 жылғы түлектерімен «Қаржы орталығы» АҚ өкілі Серікқали Ақзирамен кездесу өткізілді.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша, оның ішінде ауылдық квота шеңберінде оқитын түлектер оқуын мідетті түрде үш жылдық жұмыспен өтеу мәселелері талқыланды. «Қаржы орталығы» АҚ өкілі Серікқали Ақзира алдымен маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен шеккен шығыстарды өтеу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемелекеттік білім беру тапсырыс негізінде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмыспен өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидалары ережесі бойынша баяндама жасады.
“Қаржы орталығы” АҚ-дан дербес деректерді алуға сұрау салу туралы “Электрондық үкімет” порталының бірыңғай байланыс орталығынан 1414 SMS жолдайтыны туралы ақпарат берілді.
Сондай-ақ, “Қаржы орталығы” АҚ өкілі түлектердің сұрақтарына жауап берді.
Терроризм мен экстремизм үлкен қауіп екенін бәріміз білеміз және қазіргі әлемде бұл проблемалар біз кездесетін ең үлкен қиындықтардың бірі болып қала береді. Сондықтан біз сізге қырағы болуға және экстремизм мен терроризмнің кез келген көріністерін болдырмауға шақырамыз.
Терроризм мен экстремизм жалпы қоғамға қауіп төндіріп қана қоймай, әрқайсымыз үшін жеке қауіп екенін түсіну олардың алдын алудың алғашқы қадамы болып табылады. Болашақ кәсіпқойлар мен зиялы қауым ретінде сіз гүлденген қоғам құруда маңызды рөл атқарасыз.
Біздің әрқайсымыз өз істеріміз бен сөздеріміз үшін моральдық жауапкершілікке ие. Біз дүниетанымға, мәдениет дініне қарамастан, басқа адамдарға төзімді және құрметпен қарауымыз керек. Тек осылай ғана біз әркім өзін қорғалған сезінетін бейбіт және қауіпсіз қоғам құра аламыз.
Арандатушылыққа берілмеңіз және экстремистік топтарға қатыспаңыз. Достарыңыз бен таныстарыңыздың мінез-құлқындағы өзгерістерге назар аударыңыз, егер сізге бірдеңе күдікті болып көрінсе, мамандардың көмегіне жүгінуден тартынбаңыз.
Сіздің және жақындарыңыздың қауіпсіздігі сіздің қолыңызда екенін ұмытпаңыз. Сақ болыңыз, жауапты болыңыз және қауіп төнген жағдайда әрекет етуге дайын болыңыз. Тек бірге біз әлемді жақсы жаққа өзгерте аламыз.
2024 ж. 28 наурыз және 2 сәуір күндері Алаш партиясының көрнекті саяси және қоғам қайраткері Жүсіпбек Аймауытовтың 135 жылдығы қарсаңында Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы Стоматология факультетінің 1 курс студенттерімен «Қазақстан тарихындағы Жүсіпбек Аймауытовтың есімі мен қызметі» тақырыбында семинар және Тіл пәндері кафедрасы «Адалдықты үндеген – Жүсіпбек Аймауытов» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараның мақсаты: жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы туралы терең түсінік беру. Жазушының әдеби мұрасының негізгі ерекшеліктерін түсіну. Студенттердің қазақ зиялыларының өмірі мен шығармаларымен жете танысып, сөз өнерінің қадір – қасиетімен танысуға білімдерін жетілдіру.
.
2023 жылдың 29 наурызында Молекулалық биология курстарымен кафедрасының ерікті студенттері мен оқытушылары бірге А. Иманов атындағы саябақты, А. Молдағұлова көшесін және университеттің іргелес аумағын жаңбырдан кейін тазалауға белсенді қатысты. Сенбілікті өткізудің мақсаты: тазалықты сақтау және қоғамның экологиялық мәдениетін қалыптастыру.
2024 жылғы 21 ақпанда Жалпы медицина факультетінің 212 А, Б топтарының кураторы М. Тұрсынханқызы отбасында адамгершілік тәрбиені қалыптастыруға, отбасылық құндылықтарды насихаттауға, отбасына деген көзқарасты қоғамның негізгі құндылығы ретінде тәрбиелеуге бағытталған «Отбасы және отбасылық құндылықтар» тақырыбында кураторлық сағат өткізді.
2024 жылдың 08 сәуір айында интернатура және резидентура түлектері онлайн форматта (zoom) Павлодар денсаулық сақтау басқармасының өкілдерімен жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша кездесу өтті.
Кездесу барысында түлектерге медициналық кадрларға қажеттіліктер және әлеуметтік қолдау шаралары туралы ақпарат ұсынылды: ауруханада 7 жыл жұмыс істеп, жергілікті бюджет қаражатынан 3 млн теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төлеу. Қызметтік тұрғын үй беру немесе тұрғын үйді жалға алу үшін ақы төлеу.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша:
-100 АЕК (369200 теңге) мөлшерінде көтерме жәрдемақы.
-Аудан орталықтарына жұмыс істеу үшін 2500 АЕК (9 млн.230 мың теңге), ауылдық елді мекендер үшін 15 жылға 2000 АЕК (7 млн. 384 мың теңге ) мөлшерінде келген мамандарға кредит сомасынан жылдық 0,01% мөлшерінде сыйақы мөлшерлемесімен тұрғын үйге кредит.
-ведомстволық тұрғын үй.
– Облыс бюджетінің жергілікті бюджет қаражатынан 7 жыл жұмыс істеп, 5 млн теңге көлемінде көтерме жәрдемақы.