«Қазақстан-Ресей медициналық университеті» МЕББМ шетелдік студенттерді қабылдау Ережесі
1. Жалпы ережелер
- “Қазақстан-Ресей медициналық университеті” МЕББМ (әрі қарай-Университет) жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі), жоғары (жоғары кәсіптік) білімі бар тұлғалар қабылданады.
- Университетке түсуші тұлғаларды қабылдау биология бойынша әңгімелесу нәтижелері мен ағылшын тілін білу деңгейін анықтау бойынша конкурстық негізде олардың өтініштері арқылы жүзеге асырылады. IELTS 5.0 немесе TOEFL 64/СBT 180 балл сертификаты болған жағдайда талапкер ағылшын тілін білу деңгейін анықтауға арналған әңгімелесуден босатылады.
- Шетел азаматтарын ақылы негізде ЖОО оқуға қабылдау ЖОО-ның қабылдау комиссиялары өткізген әңгімелесу нәтижесі бойынша күнтізбелік жыл ішінде жүзеге асырылады. Үндістаннан келетін шетел азаматтарын қабылдау “Халықаралық медицина университеті” ЖШС (әрі қарай – ЖШС) бірлескен қызмет туралы шартқа сәйкес Университет, ЖШС және шетел азаматы арасында үш жақты келісім-шарт жасасумен жүзеге асырылады.
- Университетте шетел азаматтарын оқыту ағылшын тілінде жүргізіледі. Орыс немесе қазақ тілдерінде білім алғысы келетін тұлғалар осы тілдерді білу деңгейін анықтау үшін әңгімелесуден өтеді; орыс немесе қазақ тілін білмейтін шетел азаматтары Университеттің дайындық бөліміне ақылы негізде түсе алады.
- Университет төмендегі мамандықтар бойынша шетелдік мамандарды даярлайды:
- бакалавриат:
ЖОҒАРЫ АРНАЙЫ БІЛІМ МАМАНДЫҚТАРЫ |
||
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) |
Оқу мерзімі (жыл) |
|
5В130100 |
Жалпы медицина |
5 (клиникалық практика құқығынсыз) |
Бейіндік пәндер
Мамандық шифры |
Жоғары арнайы білім мамандықтары |
Бейіндік пәні |
5В130100 |
Жалпы медицина |
Биология |
2. Өтініштер мен құжаттарды қабылдау тәртібі
- Міндетті талап Grand Total балының 70% кем емес болуы, оның ішінде бейіндік пән бойынша “B” төмен емес (75% төмен емес), сондай-ақ NEET сертификатының болуы.
- Оқуға түсу үшін талапкер белгіленген үлгідегі өтінішті және сауалнаманы (1 және 2-қосымша) толтырады.
- Конкурстық іріктеу
- Шетелдік талапкерлердің университетке ақылы бөлімге түсуі конкурстық негізде мамандықтар, тіл бөлімдері бойынша және осы Ереженің 4-қосымшасында көрсетілген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
- Әңгімелесудің нәтижесі бірдей болған жағдайда, IELTS немесе TOEFL сертификатына ие, NEET жоғары нәтижелері бар, аттестат немесе дипломының Grand Total орташа балы жоғары талапкерлерге артықшылық беріледі.
- Қабылдау комиссиясы талапкердің конкурстық іріктеуге қатысу үшін ұсынған мәліметтерінің дұрыстығын тексеруді жүзеге асыра алады. Талапкердің дұрыс емес ақпарат беруі конкурстық іріктеуге қатысудан және оқуға қабылдаудан бас тартуға (қабылдау туралы бұйрықтың күшін жою) негіз болып табылады.
- Университеттің қабылдау комиссиясы талапкерлерге конкурс нәтижелері туралы хабарлайды.
- Оқуға түсуге ұсынылмаған шетел азаматтары университетке ақылы негізде дайындық бөлімі арқылы түсе алады.
4. Университетке қабылдау
- Шетел азаматтарын қабылдау академиялық күнтізбеге сәйкес келесі академиялық кезең басталғанға дейін 5 (бес) күн бұрын жүзеге асырылады. Білім алушыларды қабылдау туралы бұйрық Университеттің есеп шотына 5 және 6-тармақтарға сәйкес алдын ала төлем түскеннен кейін шығарылады.
- Алдын ала төлем Университеттің есеп шотына түскеннен кейін шетелдік студенттердің деканаты талапкер шетел азаматтарына оқу визасын ресімдеу үшін шақыру–хаттарын жібереді. Визаны рәсімдеуді шетелдік студенттермен жұмыс бөлімі – түсушілердің қаражаты есебінен жүзеге асырады.
- Көрсетілген мерзімде алдын ала төлем болмаған жағдайда талапкер шақыру–хатты алмайды және студенттер қатарына қабылданбайды.
- Төлем мерзімі бұзылған жағдайда Келісім-шарт Университет шешімі бойынша бұзылуы мүмкін.