Университет алғашқы күннен бастап медицина кадрларын даярлауда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге ғана емес, сонымен қатар жинақталған тәжірибені барынша тиімді пайдалануға тырысты. Біз жас мамандардың кәсіби өсуін бекітуге, ардагерлер мен мүгедектерге, сондай-ақ халықтың басқа да әлсіз топтарына қамқорлық жасауға бағытталған бірқатар әлеуметтік бағдарламаларды әзірлеп, жүзеге асырудамыз.
Жиырма жыл ішінде Қазақстан-Ресей медициналық университеті қайырымдылық саласында көптеген нәтижелерге қол жеткізді. Біз халыққа медициналық-санитарлық көмек көрсетудің жолдары мен өндірістік тізбектерін ретке келтірдік, перспективалық бірлескен және жеке жобалар әзірленіп, табысты іске асырылуда, сондай-ақ жаңа жобалар енгізілуде.
Қазақстандық қайырымдылық қорларымен бірлесе отырып, біз Жылжымалы медициналық кешендер негізінде еліміздің шет аймақтарындағы халыққа медициналық көмекті тұрақты түрде жүргізудеміз.
Бірнеше жыл бойы ҚРМУ Асар-Береке қорымен бірлесіп “Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету үшін жылжымалы кешендерді әзірлеу және ғылыми негіздеу” және “Жылжымалы медициналық кешендерді пайдалана отырып, ҚР шалғай өңірлерінің тұрғындарына мамандандырылған диагностикалық медициналық көмек көрсету” қайырымдылық қолданбалы жобаларын ұйымдастырады және өткізеді.
Осы жобалар шеңберінде Қазақстанның барлық өңірлерінде ауылдық жерлерде тұратын 100 000 астам адам – ересектер мен балалар тексерілді.
ТЕХНОГЕНДІ АПАТТАР МЕН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚРМУ ТӘЖІРИБЕСІ
- Арал өңірі-экологиялық апат, 2011 ж.
- Қызылағаш- су тасқыны, 2010 ж.
- Шығыс Қазақстан – қар көшкіні, 2010 ж.
- Батыс Қазақстан облысы – қар көшкіні, 2012 ж.
- Ақмола облысы, Атбасар ауданы- қар көшкіні, 2014 ж.
- Семей ядролық полигоны – экологиялық апат, 2013 ж.
- Арыс әскери бөлімі аумағында жарылыс, 2019 ж.
Осылайша, Университет халықаралық аренада Қазақстан Республикасын лайықты танытатын сенімді Жоғары оқу орнының беделін растай отырып, отандық медициналық білім беруде өз орнын берік алды.
Қайырымдылық/еріктілер жобаларындағы жаңалықтар
№3 Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қайырымдылық жасау
Волонтерлар қозғалысының үйлестірушісі, Анатомия кафедрасының морфологиялық пәндер курстарымен оқытушысы Н.Н.Правин кафедра кураторларымен бірге №3 Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қарттарына (сенбіліктер, мерекелік концерттер, кездесулер кеші және т.б.) көмек көрсетуді ұйымдастыруға белсенді түрде ат салысады.
Волонтерлардан жаңа жылдық ертегі
Университеттің волонтер-студенттері «Жанұя» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне атаулы көмек көрсетуге үнемі жәрдемдеседі. Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында университет басшылығы атынан волонтер-студенттер Аяз ата мен Ақшақар атынан цирк қойылымына шақыру билеттерін және “Жанұя” балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сыйлықтар сыйлайды.
«Бастау» волонтерлік тобымен біріге отырып Қазақ-Ресей Медициналық Университетінің 217АБ топтары студенттері «Нұр» балалар үйіне барып қайырымдылық шараларын жүргізіп, ол жерде балалардың көңіл-күйін көтеріп, түрлі ойындарды ойнап қайтты. Жастар қайырымдылықпен жиналған ақшаға мал алып сойып, шын көңілден дастархан жайды. Бір дастархан басында үлкен-кіші жиналып, әңгіме-дүкен құрып, үлкендер айтқан сөзінен ғибадат алды. Бір-біріне қамқорлық жасап, үлкендердің батасын алды. Сонымен қатар, таза әлем болуға өзінің кішкентай болса да үлесін қосып сенбілік жұмысын атқарды.
Волонтерлар қозғалысының үйлестірушісі, Анатомия кафедрасының морфологиялық пәндер курстарымен оқытушысы Н.Н.Правин кафедра кураторларымен бірге (more…)