Инструкция для претендента 06.08 каз
График вступительных экзаменов (1)
PL-03-13-06 Положение о НИР и ЭИР магистрантов
MU-03-13-07 по прохождению проф.практики магистрантами (1)
PR-03-13-05 Правила приема в магистратуру
Правила проведения итоговой государственной аттестации магистрантов
MU-03-58-08 МУ по оформлению диплом.проекта и магист.диссертации_1-я ЧАСТЬ
MU-03-58-08 МУ по оформлению диплом.проекта и магист.диссертации_2-я ЧАСТЬ
3.Forma-motivatsionnogo-pisma-esse
Шетел азаматтарын магистратураға қабылдау ақылы негізде жүзеге асырылады. Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуы, магистратура бағдарламалары бойынша стипендиялық бағдарламаны қоспағанда, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.
Шетел азаматтарын Университет магистратурасына ақылы негізде оқуға қабылдау күнтізбелік жыл ішінде Университеттің қабылдау комиссиясы өткізетін әңгімелесу нәтижесі бойынша жүзеге асырылады. Шетел азаматтарын қабылдау академиялық күнтізбеге сәйкес келесі академиялық кезең басталғанға дейін 5 (бес) күн бұрын жүзеге асырылады.
Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар ҚР БҒМ 2008 жылғы 10 қаңтардағы №8 бұйрығымен бекітілген Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау ережесіне сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен танылады немесе нострификацияланады.
Магистратураға түсушілердің өтініштерін қабылдау Университеттің қабылдау комиссиясы және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы жүргізеді. Өтініштерді қабылдау мерзімі күнтізбелік жылдың 15.06 нен 15.07 аралығында жүргізіледі.
Магистратураға қабылдау кешенді тестілеу (әрі қарай-КТ) нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Кешенді тестілеу күнтізбелік жылдың 8-16 тамыз аралығында, қабылдау күнтізбелік жылдың 28 тамызына дейін жүргізіледі.
Магистратураға қабылдау
Қазақ немесе орыс тілінде оқытатын магистратура үшін КТ бойынша жоғары балл саны-150 балл.
Магистратураға тұлғаларды қабылдау КТ қорытындысы бойынша қазақ немесе орыс тілінде оқытатын магистратура КТ үшін бағалаудың 150 балдық жүйесі шкаласына сәйкес 4-қосымша бойынша кемінде 75 балл, оның ішінде:
- шет тілі бойынша 50-дің ішінен 25 балдан кем емес болуы,
- оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша 30-дың ішінен 15 балдан кем емес болуы,
- білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша:
- бір дұрыс жауапты таңдау – кемінде 15 балл,
- бір немесе бірнеше дұрыс жауаптарды таңдау-кемінде 20 балл.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға конкурстық негізде КТ бойынша ең жоғары балл жинаған тұлғалар қабылданады.:
қазақ немесе орыс тілінде оқытатын ғылыми-педагогикалық және бейіндік магистратура үшін – бағалаудың 150 балдық жүйесі шкаласына сәйкес кемінде 75 балл:
Қазақ немесе орыс тілінде оқытатын магистратураға кешенді тестілеу үшін бағалаудың 150 балдық жүйесінің шкаласы
Тест түрлері | Тапсырмалар формасы | Тапсыру тілі | Тест саны | Балл | Шекті балл |
Шет тілі бойынша тест | Тыңдалым
Лексика-грамматикалық тест Оқылым |
Ағылшын / Неміс / Француз | 50 | 50 | 25 |
Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест | бір дұрыс жауапты таңдау | Қазақ / Орыс | 30 | 30 | 15 |
Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест | бір дұрыс жауапты таңдау | Қазақ / Орыс | 30 | 30 | 15 |
бір немесе бірнеше дұрыс жауаптарды таңдау | Қазақ / Орыс | 20 | 40 | 20 | |
Барлығы | 130 | 150 | 75 |
Магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгеруге ниет білдірген тұлғалардың алдыңғы білім деңгейіне қойылатын талаптар
Магистратураға жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын меңгерген тұлғалар қабылданады.
Магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгеруге ниет білдірген тұлғалардың білім деңгейі:
- 6М110100 — “Медицина” мамандығы бойынша: 5B130100 – “Жалпы медицина”, 040100 – “Емдеу ісі”, 040200 – “Педиатрия”, 040600 — “Шығыс медицинасы”, 5B130200 — “Стоматология”, 5В110400-“Медициналық-профилактикалық іс” мамандықтары бойынша жоғары кәсіптік білім.
- 6М110200 — “Қоғамдық денсаулық сақтау” мамандығы бойынша: 5В110200 — “Қоғамдық денсаулық сақтау”, 5B130100 — “Жалпы медицина”, 5B130200 — “Стоматология”, 5В1100100 — “Мейірбике ісі”, 5В110300 — “Фармация”, 5B030100 – “Құқықтану”, 5B050600 — “Экономика”, 5B050700 – “Менеджмент”, 5В051000 – “Мемлекеттік және жергілікті басқару”, 5В051300 – “Әлемдік экономика”мамандықтары бойынша жоғары кәсіптік білім.
Қабылдау емтихандарын ұйымдастыру және өткізу
Магистратураға түсуші тұлғалар кешенді тестілеуді білім беру бағдарламаларының топтары бойынша тапсырады:
- Таңдау бойынша шет тілінен тест (ағылшын, француз, неміс),
- білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест,
- қазақ немесе орыс тілдерінде оқуға дайындығын анықтауға арналған тест.
КТ тест тапсырмаларының саны қазақ немесе орыс тілінде оқытатын магистратура үшін:
- шет тілі бойынша тест-50;
- оқуға дайындығын анықтауға арналған тест-30, оның ішінде: сын тұрғысынан ойлау бойынша-15, аналитикалық ойлау бойынша-15;
- білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест-50, оның ішінде: бірінші бейінді пән бойынша – 30, екінші бейінді пән бойынша-20.
“Медицина” білім беру бағдарламасы бойынша»:
- КТ 1-ші бейіндік пәні -Биостатистика,
- КТ 2-ші бейіндік пәні -Дәлелді медицина;
“Қоғамдық денсаулық сақтау” білім беру бағдарламасы бойынша»:
- КТ 1-ші бейіндік пәні -Биостатистика,
- КТ 2-ші бейіндік пәні – Қоғамдық денсаулық сақтау
- Кешенді тестілеу (КТ) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі айқындайтын КТ өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығымен өткізіледі.
- КТ нәтижелері бойынша сертификат беріледі.
- КТ тапсыру жылы оларды қайта тапсыруға жол берілмейді.
- КТ өткізу ҚР БҒМ 2019 жылғы 8 мамырдағы №190 бұйрығымен бекітілген Кешенді тестілеуді өткізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттардың бірі бар тұлғалар келесі тілдер бойынша магистратураға КТ шет тілі бойынша тестінен босатылады:
- ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Program (Тестов Инглиш ов а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг программ) (TOEFL ITP (ТОЙФЛ АЙТИПИ) – 163 баллдан кем емес),
- Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал тестинг програм) Internet-based Test (интернет бейзид тест) (TOEFL IBT (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл-кемінде 46),
- Test of English as a Foreign Language Paper-based testing (TOEFL PBT (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер бэйсед тэстинг) шекті балл-кемінде 453,
- Test of English as a Foreign Language Paper-delivered testing (TOEFL PDT (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер деливерэд тэстинг)) – шекті балл-кемінде 65),
- International English Language Tests System (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем (IELTS (АЙЛТС), шекті балл-кемінде 5.5);
- неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган) (DSH, Niveau С1/уровень C1), TestDaF-Prufung (тестдаф-прюфун) (Niveau C1/деңгей C1);
- француз тілі: Test de Franзais International™ -Тест де франсэ Интернасиональ (TFI (ТФИ) – оқылым және тыңдалым секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес), Diplome d ‘Etudes en Langue franзaise — диплом дэтюд ан Ланг франсэз (DELF (ДЭЛФ), деңгей B2), Diplome d’ en Langue franzaise – Диплом DALF (Далф), C1 деңгейі), Test de connaissance du franзais-тест де коннэссанс Дю франсэ (TCF (ТСФ) – 400 балдан кем емес).
Ұсынылатын сертификаттардың шынайылығы мен қолданылу мерзімін университеттің қабылдау комиссиясы тексереді.
Магистратураға түсушілер өтінішінде білім беру бағдарламаларының бір тобын және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің (ЖжЖООКББ) 3 (үш) ұйымына дейін көрсетеді.
КТ нәтижелері олар өткізілген күні жарияланады.
КТ – ге қазақ немесе орыс тілінде оқытатын магистратураға түсушілерге-3 сағат 55 минут беріледі.