Бөлімнің негізгі мақсаты-университеттің оқу процесін жоспарлау мен басқаруды тиімді ұйымдастыру, университеттің академиялық саясаты мен стратегиясына сәйкес оқытудың жаңа технологияларын әзірлеу және енгізу
Бөлімнің негізгі функциялары:
– Университеттің аудиториялық қорын мониторингілеу және бөлу.
– Оқу сабақтары мен түрлі іс-шараларды өткізу үшін аудиториялар мен ұйымдастыру техникасын ұсыну.
– РУП қалыптастыру және бекіту.
– Білім берудің барлық деңгейлері бойынша білім алушылар үшін академиялық күнтізбені жасау және бекіту.
– Сағат есебін жасау және кафедра/курс меңгерушілерінің педагогикалық жүктемесін бөлуді үйлестіру.
– Кафедра/курс меңгерушілерінің штат кестесін құруды үйлестіру.
– Білім берудің барлық деңгейлері бойынша академиялық берешекті жою бойынша аралық және қорытынды аттестаттаудың, жазғы семестрдің кестесін жоспарлау, жасау және бекіту.