Резидентура – клиникалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі тереңдетілген медициналық білім алу нысаны. Резидентурада мамандарды даярлау денсаулық сақтау саласын білікті кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
Резидентураның білім беру бағдарламаларын меңгергісі келетін тұлғалардың білім деңгейі – базалық медициналық білім, жоғары медициналық білім, интернатураның болуы.
Резидентураның білім беру бағдарламасы теориялық және клиникалық даярлаудан, аралық және қорытынды аттестаттаудан тұрады.
Резидентураның кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеру «Интернатурада және резидентурада даярлаудың клиникалық мамандықтарының тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы №27 бұйрығымен бекітілген клиникалық мамандықтар бойынша жоғары медициналық білім алған азаматтарды клиникалық практикаға жіберудің міндетті шарты болып табылады.
Резидентурада кадрларды дайындау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 647 бұйрығымен бекітілген медициналық мамандықтар бойынша резидентураның мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына, резидентураның медициналық мамандықтары бойынша үлгілік кәсіптік оқу бағдарламасына және резидентураның медициналық мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
Резидентурада даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы «Резидентурада мемлекеттік тапсырысты орналастыру, оқуға қабылдау және медицина кадрларын даярлау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-270/2020 бұйрығы бекітіледі.
«Қазақстан-Ресей медицина университеті» МЕББМ резидентурасының білім беру бағдарламаларының миссиясы – медициналық көмек көрсету кезінде қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға, практика мен ғылымда озық инновациялық технологияларды қолдануға және дамытуға, ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың жетістіктерін пайдалануға, халықтың денсаулығын нығайтуға қабілетті мамандарды даярлау.
Медициналық көмек көрсету кезінде қоғамның қажеттілігін қанағаттандыруға, тәжірибе мен ғылымда озық инновациялық технологияларды қолдануға және дамытуға, ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың жетістіктерін пайдалануға, халықтың денсаулығын нығайтуға қабілетті мамандар даярлау.
Справочник слушателя резидентуры КазРосмедуниверситет 2021-2022
Резидентураның білім беру бағдарламаларының тізбесі
№ |
Білім беру бағдар-ламалар тобының коды |
Мамандықтар шифры |
Білім беру бағдарламаларының атауы |
Оқу мерзімі |
1. |
R001 |
7R01101 |
Кардиология ересектердің, балалардың |
3 жыл |
2. |
R002 |
7R01102 |
Ревматология ересектердің, балалардың |
2 жыл |
3. |
R003 |
7R01103 |
Аллергология және иммунология ересектердің, балалардың |
2 жыл |
4. |
R004 |
7R01104 |
Гастроэнтерология ересектердің, балалардың |
2 жыл |
5. |
R005 |
7R01105 |
Гематология ересектердің |
2 жыл |
6. |
R007 |
7R01107 |
Пульмонология ересектердің, балалардың |
2 жыл |
7. |
R008 |
7R01108 |
Эндокринология ересектердің, балалардың |
2 жыл |
8. |
R009 |
7R01109 |
Нефрология ересектердің, балалардың |
2 жыл |
9. |
R011 |
7R01111 |
Инфекциялық аурулар ересектердің, балалардың |
2 жыл |
10. |
R012 |
7R01112 |
Дерматовенерология ересектердің, балалардың |
2 жыл |
11. |
R013 |
7R01113 |
Психиатрия ересектердің, балалардың |
2 жыл |
12. |
R014 |
7R01114 |
Радиология |
2 жыл |
13. |
R015 |
7R01115 |
Онкология радиациялық |
2 жыл |
14. |
R017 |
7R01117 |
Анестезиология және реаниматология ересектердің, балалардың |
3 жыл |
15. |
R018 |
7R01118 |
Кардиохирургия ереесектердің, балалардың |
4 жыл |
16. |
R019 |
7R01119 |
Ангиохирургия ересектердің, балалардың |
4 жыл |
17. |
R021 |
7R01121 |
Жақ сүйек-бет хирургиясы ересектердің, балалардың |
3 жыл |
18. |
R024 |
7R01124 |
Онкология ересектердің |
2 жыл |
19. |
R025 |
7R01125 |
Травматология-ортопедия ересектердің, балалардың |
3 жыл |
20. |
R026 |
7R01126 |
Урология және андрология ересектердің, балалардың |
3 жыл |
21. |
R027 |
7R01127 |
Офтальмология ересектердің, балалардың |
3 жыл |
22. |
R028 |
7R01128 |
Оториноларингология ересектердің, балалардың |
3 жыл |
23. |
R032 |
7R01132 |
Акушерия және гинекология ересектердің, балалардың |
3 жыл |
24. |
R037 |
7R01137 |
Неврология ересектердің, балалардың |
2 жыл |
25. |
R040 |
7R01140 |
Физикалық медицина және реабилитация ересектердің, балалардың |
2 жыл |
26. |
R041 |
7R01141 |
Шұғыл медицина ересектердің, балалардың |
3 жыл |
27. |
R023 |
7R01123 |
Балалар хирургиясы |
3 жыл |
28. |
R030 |
7R01130 |
Педиатрия |
2 жыл |
29. |
R031 |
7R01131 |
Неонатология |
2 жыл |
30. |
R035 |
7R01135 |
Төтенше жағдайлар және апаттар медицинасы |
2 жыл |
31. |
R036 |
7R01136 |
Жалпы хирургия |
3 жыл |
32. |
R038 |
7R01138 |
Отбасылық медицина |
2 жыл |
33. |
R039 |
7R01139 |
Терапия |
2 жыл |
34. |
R042 |
7R01142 |
Клиникалық фармакология |
2 жыл |
35. |
R044 |
7R01144 |
Хирургиялық стоматология |
2 жыл |
КОНТАКТЫ
- Алматы қ., Абылай хан даңғ., 51/53, 7 қабат
- тел. +7 727 250 39 46
- e — mail: rezidentura@medkrmu.kz