АНЕСТЕЗИОЛОГИЯ ЖӘНЕ РЕАНИМАТОЛОГИЯ, СОНЫҢ ІШІНДЕ БАЛАЛАР АНЕСТЕЗИОЛОГИЯ ЖӘНЕ РЕАНИМАТОЛОГИЯ
“Анестезиология және реаниматология, соның ішінде балалар” мамандығы бойынша оқуды аяқтаған түлекке “анестезиолог және реаниматолог, соның ішінде балалар” біліктілігі берілген сертификат, анестезиолог және реаниматолог дәрігер ретінде өзіндік практикалық қызметке рұқсаты бар резидентураны бітіргені туралы куәлік беріледі. Үш жылдық тәжірибесі бар түлектер докторантурада әрі қарай оқуын жалғастыруға құқылы.
- Оқыту тілі: қазақ, орыс
- Интернатурада оқу мамандығы: Жалпы практика дәрігері
- Оқу түрі: күндізгі
- Осы бағдарлама кімге арналған: интернатура түлектеріне
- Оқу мерзімі: 3 жыл
- Конкурсқа қатысу үшін өтініштерді қабылдау мерзімі ағымдағы жылдың 3 шілдесінен 25 шілдесіне дейін.
Резидентура білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша түсу емтиханы күнтізбелік жылдың 8-16 тамыз аралығында, қабылдау күнтізбелік жылдың 28 тамызына дейін жүргізіледі.