АНЕСТЕЗИОЛОГИЯ ЖӘНЕ РЕАНИМАТОЛОГИЯ, СОНЫҢ ІШІНДЕ БАЛАЛАР
“Анестезиология және реаниматология, оның ішінде балалар анестезиологиясы” мамандығы бойынша оқуды аяқтаған түлекке “анестезиолог және реаниматолог, оның ішінде балалар анестезиологы” біліктілігі берілетін сертификат, анестезиолог және реаниматолог дәрігер ретінде өзіндік практикалық қызметке рұқсаты бар резидентураны бітіргені туралы куәлік беріледі. Түлектер үш жылдық өтілі болған жағдайда докторантурада әрі қарай оқуды жалғастыруға құқылы.
- Оқыту тілі: қазақ, орыс
- Интернатурада оқу мамандығы: Жалпы практика дәрігері
- Оқыту түрі: күндізгі
- Бұл бағдарлама кімге арналған: интернатура түлектері үшін
- Оқу мерзімі: 3 жыл