“МЕДИЦИНА (6М110100)”
Университет магистратурасына жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген (“бакалавр” немесе “дипломды маман” біліктілігін алғандығын растайтын Жоғары кәсіптік білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаты бар) ҚР азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар қабылданады.
Магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгеруге ниет білдірген тұлғалардың білім деңгейі: 5B130100 — “Жалпы медицина”, 040100 – “Емдеу ісі”, 040200 – “Педиатрия”, 040600 – “Шығыс медицинасы”, 5B130200 — “Стоматология”, 5В110400 — “Медициналық-профилактикалық іс.
- Оқу мерзімі: 1/1, 5/2 жыл
- Оқуға түсу үшін профильді пәндер: Биостатистика, дәлелді медицина
- Оқу түрі: күндізгі
- Оқыту тілдері: қазақ және орыс
- Өтініштерді қабылдау мерзімі күнтізбелік жылдың 3-25 шілдесі аралығында.
- Кешенді тестілеу күнтізбелік жылдың 8-16 тамыз аралығында, қабылдау күнтізбелік жылдың 28 тамызына дейін жүргізіледі.