Университет магистратурасына жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген (“бакалавр” немесе “дипломды маман” біліктілігін алғандығын растайтын Жоғары кәсіптік білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаты бар) ҚР азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар қабылданады.
Магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгеруге ниет білдірген тұлғалардың білім деңгейі: 5В110200 — “Қоғамдық денсаулық сақтау”, 5B130100 — “Жалпы медицина”, 5B130200 — “Стоматология”, 5В1100100 — “Мейірбике ісі”, 5В110300 — “Фармация”, 5B030100 — “Құқықтану”, 5B050600 – “Экономика”, 5B050700 — “Менеджмент”, 5В051000 – “Мемлекеттік және жергілікті басқару”, 5В051300 – “Әлемдік экономика”мамандықтары бойынша жоғары кәсіптік білім.
- Оқу мерзімі: 1/1, 5/2 жыл
- Оқуға түсу үшін профильді пәндер: Биостатистика, Қоғамдық денсаулық сақтау
- Оқу түрі: күндізгі
- Оқыту тілдері: қазақ және орыс
- Өтініштерді қабылдау мерзімі күнтізбелік жылдың 3-25 шілдесі аралығында.
- Кешенді тестілеу күнтізбелік жылдың 8-16 тамыз аралығында, қабылдау күнтізбелік жылдың 28 тамызына дейін жүргізіледі.
- Медицина