ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӘНЕ АПАТТАР МЕДИЦИНАСЫ
“Төтенше жағдайлар және Апаттар медицинасы” мамандығы бойынша оқуды аяқтаған түлекке “Төтенше жағдайлар және Апаттар медицинасы дәрігері” біліктілігі берілген сертификат, резидентураны бітіргені туралы куәлік, ТЖМ дәрігері ретінде дербес практикалық қызметке жіберілгені туралы куәлік беріледі. Үш жылдық тәжірибесі бар түлектер докторантурада әрі қарай оқуын жалғастыруға құқылы.
- Оқыту тілі: қазақ, орыс;
- Интернатурада оқу мамандығы: Жалпы практика дәрігері;
- Оқу түрі: күндізгі;
- Осы бағдарлама кімге арналған: интернатура түлектеріне;
- Оқу мерзімі: 2 жыл;
- Конкурсқа қатысу үшін өтініштерді қабылдау мерзімі ағымдағы жылдың 3 шілдесінен 25 шілдесіне дейін.
Резидентура білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша түсу емтиханы күнтізбелік жылдың 8-16 тамыз аралығында, қабылдау күнтізбелік жылдың 28 тамызына дейін жүргізіледі.