«Асар Береке» қоғамдық қоры
Қор туралы
“Асар-Береке” қоры-2008 жылы қайырымдылық көмек көрсету және еліміздің шалғай өңірлерін дамыту үшін әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға,сондай-ақ елдің практикалық денсаулық сақтау саласына ең озық жетістіктерді енгізуге ықпал ететін жобаларды қолдау мақсатында құрылған қоғамдық ұйым.
Республикада алғаш рет “Асар-Береке” Қоры 2009 жылдың күзінде халыққа қолжетімді жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету бойынша жобаны іске қосты. Жоба аясында “Асар-Береке” Қоры Қазақстанның ең шалғайдағы елді мекендерінде тексеру жүргізуге және АМСК көрсетуге мүмкіндік беретін мобильді медициналық кешендер әзірледі.
Қордың мақсаттары:
- Қоғамның саналы және салауатты өмір салтын қалыптастыруға үлес қосу
- Әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыру
- Қайырымдылық шараларын өткізу
Қордың міндеттері:
- Ауруларды ерте кезеңде анықтау және олардың дамуын болдырмау мақсатында ауыл тұрғындарын көшпелі профилактикалық медициналық тексеруден өткізу
- Қала және ауыл тұрғындарының аз қамтылған отбасыларына материалдық және әлеуметтік көмек көрсету
- Сапалы білім алу құқығын пайдалануға мүмкіндігі жоқ адамдарға білім алуға қолдау көрсету