Жалпы хирургия кафедрасының үлкен және даңқты тарихы бар, ол 1992 жылы Мұхтар Әлиұлы Әлиевтің Қазақстан медициналық институтын (ҚМИ) құруымен басталады, ТМД аумағында алғашқы жекеменшік жоғарғы оқу орындарының бірі, 2010 жылдан бастап – Қазақстан-Ресей медициналық университеті.
Кафедра 1992 жылы академик А.Н. Сызғанов атындағы ҰҒХО жанынан ұйымдастырылды. Кафедраның негізін қалаушы және алғашқы кафедра меңгерушісі Мұхтар Әлиұлы Әлиев болды – медицина ғылымдарының докторы (1974ж.), профессор (1976ж.), ҚР ҰҒА академигі, ҚР Медициналық ғылым Академиясының негізін қалаушы және президенті (1995ж.), «Халық қаҺарманы», Мемлекттік сыйлықтардың лауреаты ҚазССР (1988) және ҚР (1999). М.Ә. Әлиев 1957 жылы АММИ емдеу факультетін бітірген. 1957-1958 жж. – Шымкент облысындағы Темір совхозының учаскелік ауруханасының дәрігер-хирургі және бас дәрігері. 1958-1960 жж. – АММИ факультеттік хирургия кафедрасының клиникалық ординаторы. 1960-1961 жж. – Республикалық клиникалық аурухананың дәрігер-хирургі. 1961-1963 жж. – Онкология және радиология ҚазҒЗИ ғылыми қызметкері. 1963-1969 жж. – АММИ факультеттік хирургия кафедрасының аспиранты, ассистенті. 1969-1976 жж. – Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтының доценті, кафедра меңгерушісі. 1976-1980 жж. – АММИ факультеттік хирургия кафедрасының меңгерушісі. 1980-1982 жылдары – ҚазССР Денсаулық сақтау министрлігінің Бас хирургы. 1980-1985 жж. – А. Н. Сызғанов атындағы Клиникалық және эксперименталды хирургияның ҚазҒЗИ директоры. 1982-1987 жылдары – ҚазССР Денсаулық сақтау Министрі. 1987-2001 жылдары – А.Н. Сызғанов атындағы Ғылыми хирургия орталығының директоры, ал 2001 жылдан бастап – Құрметті директоры. Ол 770 астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде 45 монография, ғылыми-көпшілік және оқу брошюралар, ҚСРО және ҚР 127 авторлық өнертапқыштық, патенталды және патент куәліктері, 28 ғылыми еңбектер жинағының бас редакторы. М.Ә. Әлиев 2015 жылдың 12-ші қаңтарында 82 жасқа қараған шағында жүрек ауруынан қайтыс болды, Алматы қаласында жерленген.
2004 жылы кафедра екі дербес кафедра болып қайта құрылды: «Жалпы хирургия кафедрасы» және «Хирургиялық аурулар кафедрасы». Хирургиялық аурулар кафедрасын Мұхтар Әлиұлы Әлиев, ал жалпы хирургия кафедрасын Еділ Айдарханұлы Апсатаров басқарды, медицина ғылымдарының докторы (1972), профессор (1987). Ол 1962 жылы АММИ емдеу факультетін тәмамдаған. Сол жылы АММИ факультеттік хирургия кафедрасының клиникалық ординатурасына, кейіннен конкурс бойынша – аспирантурасына түскен. 1966 жылы кандидаттық диссертация қорғады, ал 1969 жылы А.Н. Бакулев атындағы Жүрек-қантамырлар хирургиясы Институтының докторантурасына түседі, ол жерде ҚСРО РМҒА академигі А.В. Покровскийдің және ҚСРО РМҒА және РҒА академигі В.С. Савельевтің басшылығымен 1972 жылы докторлық диссертация қорғады. 1972-1986 жж. Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институты хирургия кафедрасының меңгерушісі болды. 1986-2004 жж. – АММИ госпиталды хирургия кафедрасының меңгерушісі (қазіргі – С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ). 2004 жылдан 2013 жылға дейін – Қазақстан-Ресей медициналық университеті жалпы хирургия кафедрасының меңгерушісі. Ол хирургия бойынша 5 монографияның, 2 оқулықтың және 450 басылымдық жұмыстың авторы.
Профессор Е.А. Апсатаров құрметті демалысқа шыққаннан кейін, 2013 жылы «Жалпы хирургия кафедрасы» хирургиялық аурулар кафедрасының құрамындағы «Жалпы хирургия курсы» болып қайта құрылды. Жаңадан ұйымдастырылған кафедраны м.ғ.д., профессор Валентин Манарбекұлы Мадьяров басқарды. Ол 1989 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін бітірген. 1993 жылы кандидаттық, ал 2011 жылы – докторлық диссертация қорғаған. Ол 1 монографияның, 2 оқулықтың, 80 астам ғылыми жұмыстың ҚР өнертапқыштық 3 патентінің және РФ 1 патентінің авторы. Әр жылдары жалпы хирургия курсының меңгерушісі болып м.ғ.д., доцент Нұрлан Болатұлы Дүйсенов, м.ғ.к., доцент Азамат Едігеұлы Құрманбеков және м.ғ.к., доцент Салима Сыдыққызы Қалиева қызмет атқарды.
2018 жылы «Хирургиялық аурулар» кафедрасы екі дербес кафедра болып қайта құрылды: Жалпы хирургия кафедрасы профильдік пәндер курстарымен және Хирургия кафедрасы анестезиология және реаниматология курсымен. Мадьяров Валентин Манарбекұлы анестезиология және реаниматология курсымен хирургия кафедрасының меңгерушісі, ал жалпы хирургия кафедрасының меңгерушісі Қалиасқаров Ерік Шәріпұлы болды, м.ғ.д., профессор.
Қалиасқаров Е.Ш. 1993 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін тәмамдаған, содан кейін хирургия бойынша интернатурада оқыды. Әр жылдары практикалық денсаулық сақтау саласында дәрігер-хирург, емхана меңгерушісі, бас дәрігердің емдеу жұыстары жөніндегі орынбасары және бас дәрігер болып қызмет атқарған. 1996-1999 жж. С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ факультеттік хирургия кафедрасында аспирантурада оқыды, 2006-2009 жж. – Астана қ. Қазақ Мемлекеттік медицина академиясы №3 хирургиялық аурулар кафедрасында ҰҒМО жанында докторантурада оқыды. 2007ж. – Астана қ. Денсаулық сақтау Департаментінің Бас хирургы. «Хирургия» мамандығы бойынша 1999ж. кандидаттық, ал 2010ж. – докторлық диссертация қорғады. 2000-2005 жж. – С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ №1 Хирургиялық аурулар кафедрасының ассистенті, 2005-2016 жж. – доценті, 2016-2018 жж. – профессоры, ал 2018 жылдан бүгінгі күнге дейін – Қазақстан-Ресей медициналық университеті жалпы хирургия кафедрасының меңгерушісі. Ол 80 астам ғылыми жұмыстардың, 1 оқу құралының және ҚР өнертапқыштық 1 патентінің авторы.
Бүгінгі күні кафедраның құрамына профильдік курстар кіреді: урология (меңг. – Хамзин А.А., м.ғ.д., проф.), травматология және ортопедия (меңг. – Дүйсенов Н.Б., м.ғ.д., доцент), оториноларингология (меңг. – Есеналиева Р.Н., м.ғ.к, проф.), балалар хирургиясы (меңг. – Құрманбеков А.Е., м.ғ.к., доцент) және офтальмология (меңг. м.а. – Байырханова А.О., PhD). Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы жоғары білікті мамандардан және ғалымдардан құралған, олардың ішінде 4 ғылым докторлары (Қалиасқаров Е.Ш., Дүйсенов Н.Б., Кусымжанов С.М., Макажанов М.А.), 12 медицина ғылымдарының кандидаттары (Есеналиева Р.Н., Құрманбеков А.Е., Беристемов Г.Т., Шегай В.К., Жарылқапов Н.С., Тұрсынқұлов Б.Ш., Жәкенова С.С., Танабаева М.Д., Жұмаділдаев Р.С., Нәбиев Е.Н., Сукбаев Д.Д., Нисанбаев А.Д.) және 1 медицина магистры (Құрмашов Е.Е.) бар. Сонымен қатар, оқытушылық қызметке кафедраның клиникалық базаларындағы анағұрлым тәжірибелі қызметкерлер белсенді түрде тартылады – директорлар мен бас дәрігерлердің хирургия бойынша орынбасарлары, хирургия бөлімшелерінің меңгерушілері және бірінші және екінші біліктілік санаттағы дәрігер-хирургтар.
Кафедрада «Жалпы хирургия» пәні бойынша «Жалпы медицина» және «Стоматология» мамандықтарының 3 курс студенттеріне, «Хирургиялық аурулар» пәні бойынша – «Жалпы медицина» мамандығының 4 курс студенттеріне, сонымен қатар аралас мамандықтардың интерндері мен резиденттеріне тәжірибелік сабақтар өткізіледі. Кафедра қызметкерлері жаңа әдістер мен технологияларды үнемі оқу үрдісіне енгізіп отырады, тәжірибелік сабақтарды өту барысында проблемалық- және тәжірибелік-бағдарлы оқыту элементтері қолданылады. Қазіргі таңда кафедраның негізгі ғылыми бағыты – кеуде және құрсақ қуысындағы ағзаларға азинвазивті хирургиялық операцияларды әзірлеу және модификациялау. Сонымен қатар, клиникалық тәжірибеге ғылыми жетістіктер мен замануи технологияларды енгізу басты назарда. Кафедра қызметкерлері съездердің, ғылыми-тәжірибелік конференциялардың, симпозиумдардың және хирургтар Қоғамының жұмыстарына белсенді түрде қатысады.
Кафедраның клиникалық базалары болып Алматы қ. №1 ҚКА, №4 ҚКА, ЖШМКА, №1 ҚБКА, Алматы Аумақтық балалар клиникалық ауруханасы, Облыстық көпсалалаы клиникалық аурухана, Алматы Теміржол ауруханасы, ҚР ІІМ Госпиталі, «Сұңқар», Рахат» және «MedLine» Медицина орталықтары, №36 Қалалық емхана және Қалалық студенттер емханасы есептеледі. Кафедра қызметкерлері оқу, әдістемелік, ғылыми және тәрбие жұмыстарымен қатар емдеу жұмыстарын да (шұғыл, жоспарлы және амбулаторлық хирургиялық көмек көрсетуді) замануи медициналық құрал-жабдықтарды кеңінен қолдана отырып толық көлемде орындайды.
Жораев Тағабай Сапарханұлы
Кафедра: Жалпы хирургия курстарымен
Пән: Жалпы хирургия және хирургиялық аурулар
Лауазым: Кафедра доценті
Пошта: tagabay.zhorayev@bk.ru
Қалиасқаров Ерік Шәріпұлы
Кафедра: «Жалпы хирургия курстармен»
Пән: «Жалпы хирургия», «Хирургиялық аурулар»
Лауазымы: Кафедра меңгерушісі
Почта: e.kaliaskarov@krmu.edu.kz
Дуйсенов Нурлан Булатович
Кафедра: Жалпы хирургия, курс Травматологии ортопедиясы
Нәрсе: Травматология ортопедия
Лауазымы: курс меңгерушісі
Почта: nurlanduisenov@rambler.ru
Қуанышбеков Мақсат Бегімбекұлы
Кафедра: Жалпы хирургия кафедрасы
Тақырыбы: Жалпы хирургия, хирургиялық аурулар
Лауазымы: оқытушы
Пошта: patriotmax1@mail.ru
Оспанов Абдирали
Кафедра: Жалпы хирургия кафедрасы
Пән: Жалпы хирургия, Хирургиялық аурулар
Лауазымы: Кафедра профессоры
Пошта: abdrali.ospanov@gmail.com
Касымжанова Жанар Даулетовна
Хирургия кафедрасының Оториноларингология курсі
Саласы: Оториноларингология.
Мәртебесі: Кафедра ассистені.
Поштасы: iliyasjibek@mail.ru
Толығырақ
Мадьяров Валентин Манарбекович
Кафедра – Анестезиология және реанимация курсымен
бірге Хирургия кафедрасы, ҚРМУ
Пән -Хирургия
Должность – кафедра меңгерушісі
Почта – valihan-66@mail.ru
Подробнее
Ниязов Наиль Маратұлы
Кафедра: Жалпы хирургия кафедрасы курстарымен
Пән: Жалпы хирургия, Хирургиялық аурулар
Лауазымы: Ассистент
Пошта: nailniyazov@gmail.com
Подробнее