Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультетінде 2018 жылдың 9-12 сәуір күндері студенттер мен жас ғалымдардың «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтті.
Конференцияға Қазақстан Республикасы ЖОО студенттерімен қатар, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Башқұртстан т.б. мемлекеттерден жас ғалымдар қатысты. Қазақстан-Ресей медицина университеті жас ғалымдары да бұл ғылыми додадан тыс қалмады. Атап айтсақ, Жалпы медицина факультетінің студенттері Алиева Н. «Қазақша ауру атауларының ауыз әдебиетіндегі көрінісі» (ғылыми жетекші: Тоқсанова Г.А.), Сапарова Ж. «Медициналық терминдерді аудару мәселесі» Байтилеуова С. «Бас» микротемасына қатысты фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер семантикасы», Ерболатова А. «Анатомиялық атауларға байланысты фразеологизмдер» (Ғылыми жетекші: Құлабаева Р.Т.), Әбдіжүсіп Е. «Халық медицинасында қолданылатын терминдер», Жұмағалиев А. «Х.Досмухамедов Как основоположник естествознания и медицины в Казахстане», Қайырбаева С. «The official state language is the language of spiritual rebirth» (Ғылыми жетекші: Уралбекова М.М.), Стоматология факультетінің 1 курс студенттері Талғатов Т. «Нейролингвистиканың ғылымдар жүйесіндегі орны», Көшербайқызы А., «ТІС» микротемасына байланысты туындаған фразеологизмдер мен мақал-мәтелдердің семантикасы» (Ғылыми жетекші: Құлабаева Р.Т.) жүлделі орындарға ие болып сертификат және дипломдармен марапатталды. Бірнеше мемлекеттен 375 жас ғалым қатысқан тартысты сайыста біздің студенттер ғылыми көзқарастарын ортаға салып, ұтымды пікірлерін ұсынып, ойларын ашық жеткізе білді.
Нәтижесінде, Жалпы медицина факультетінің студенті Әлиева Нарина жүлделі екінші орынды иеленсе, Стоматология факультетінің 1 курс студенті Көшербайқызы Ақмаржан жүлделі үшінші орынды жеңіп алды.