2018 жылдың 22 сәуір күні Қазақстан-Ресей медицина университетінде Алматы қаласының ең мықты
жас пікірсайысшыларының арасында KRMU CUP атты турнир өтті. Турнирді университетіміздің Жастар ісі жөніндегі комитетінің қолдауымен «MEDLIFE» пікірсайыс клубы ұйымдастырды. Жалпы алғанда турнирге 20-ға жуық ЖОО-ның 100-ден аса студенті қатысты. Талқыға медицина саласындағы өзекті мәселелер салынды. Айтып кетер болсақ: түсік жасатуға тийым салу қажет; гендік инженерияның пайдасынан зияны көп; медициналық қателіктерді БАҚ арқылы тарату дұрыс және т.б.
Турнирдің қорытындысы бойынша АПФ форматында Есенгелдин Абылай және Ұзақбаев Мейірбек (Нархоз университеті) жеңіске жетті. Ал ЛД форматы бойынша «Үздік спикер» Мұсылман Перизат (ҚазҰАУ) атанды. «Үздік төреші» номинациясын Жақсығалиева Жадыра жеңіп алды. Барлық жеңімпаздар мен қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.[:ru]22 апреля 2018 года в Казахстанско-Российском медицинском университете.