2018 жылы 19 қазанда Қазақстан – Ресей медицина университетінде «Студенттер қатарына қабылдау» дәстүрлі мерекесі өтті.
Әлемдегі ең әділетті және ең мәртебелі мамандық – дәрігер мамандығымен өздерінің болашақ өмірін байланыстыруға шешім қабылдаған студент-дәрігерлерді студенттер қатарына қабылдау Университет үшін дәстүрлі мереке болып саналады.
Университет ректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Н.Т. Жайнақбаев бірінші курс студенттерін өмірлеріндегі жаңа кезеңнің басталуымен құттықтап, халық денсаулығының игілігі үшін адал қызмет етулеріне тілек білдірді.
Университет ректоры құттықтаудан кейін бірінші курс студенттеріне символдық білім кілті мен студенттік билетін дәстүрлі түрде тапсырды.
Студенттер салтанатты түрде Гиппократ антын қабылдады.
Салтанатты шара шынайылық пен жылулыққа, қуанышқа толы болып, балалықпен қоштасудың сәті болды. Алда ұзақ және күрделі жол, сан мыңдаған қуанышты сәттер күтілуде.