Қазақстан – Ресей медицина университетінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 73-жылдығына арналған салтанатты шара өтті.
Құттықтау сөзді алған университет ректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Н.Т.Джайнақбаев Ұлы Отан соғысындағы Совет халқының ерлігі – тек өткенімен емес, бүгінгісімен өскелең ұрпақ үшін аса маңызды тарихи жағдай екендігін атап өтті.
Іс-шара Сталинград шайқасына қатысушы, Белоруссия, Польша, сондай-ақ, Берлинді алуға қатысқан Ұлы Отан соғысының ардагері – биохимия ғылымдарының докторы, профессор, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері Зұлқарнай Сеитов туралы деректі фильммен танысудан басталды.
Ұлы Отан соғысындағы ерлік пен жеңісті дәріптейтін әдеби – музыкалық «Жеңіс күні – Ұлы күн» атты композицияда Ұлы соғысы жылдарындағы әндер, поэтикалық жырлар шырқалды.
Ерекше атап өтер жәйт – университет ректоры Н.Т.Джайнақбаевтың бастамасымен он төрт метрлік «Өшпес ерлік қабырғасы» жасалынып, Ұлы Отан соғысына қатысқан университет қызметкерлері мен студенттерінің туған-туыстарының суреттері қойылды.
Іс-шара соңында ардагерлерге дастархан жайылып, бағалы сыйлықтар тапсырылды.