Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық бөлімі әрдайымжаңа бағыттар бойынша және жаңа әріптестермен ынтымақтастықты орнату үстінде. Бөлімнің басты мақсаты студенттердің білімдерін жетілдіруге және тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін жағдай туғызу. Өйткені, жаһандану үрдісі мен білім интеграциясы жүріп жатқан қоғамда академиялық ұтқырлық бағдарламасының аясында білім алған студенттің басқарлардан артықшылығы алуан зор.
Осы бағытта жүргізілген келіссөздер барысында, «Стоматология» мамандығы бойынша тәлім алып жүрген студенттер практиканы шет ел университетінде өтуге мүмкіндік туды. Іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен студенттер ғана Бухара мемлекеттік медицина институтына және Дагестан мемлекеттік медицина университетіне бағытталды.
Осы білім ордаларымен қол қойылған келісім-шарт негізінде, бір топ студенттер 2018 жылдың маусым айының 4 мен 16 жұлдызы аралығында «Терапиялық стоматология» бойынша Бухара мемлекеттік медицина институтында, ал бір топ студенттер 2018 жылдың 4 маусымнан 2 шілдеге дейін «Терапиялық стоматология» және «Хирургиялық стоматология» бойынша оқу-өндірістік практикадан өтті. Студенттердің айтуы бойынша, практика өте пайдалы болды және ұйымдастыру жоғары дәрежеде. Студенттер білім алу үрдісінен бөлек, елді мекеннің тарихымен, архитектурлық ескерткіштерімен және бай мәдениетімен танысып келді.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы студенттердің кәсіби және рухани тұрғыда баюларына үлкен септігін тигізеді және әлемде болып жатқан өзгерістерден қалмай, әрдайым алда жүруге көмек береді.