Сіздер барлық әлемде пандемия және коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты орын алаған жағдайлар туралы білесіздер. Мен, Сіздерді біздің мемлекетіміз көтерген бүкіл республика деңгейіндегі мәселеге түсіністікпен және жауапкершілікпен қарауға, азаматтарымыздың жаппай залалдануының алдын-алу үшін барлық белгіленген қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамын!
Қазіргі уақытта, ДДҰ мәліметтері бойынша, 30 наурыз күні таңертең әлемде коронавирусты жұқтырудың 722 289 оқиғасы тіркелді, оның ішінде 34 мың адам қайтыс болды. Жұқтыру жағдайларының саны бойынша АҚШ көшбасшы болып табылады, вирус 142 356 адамнан расталды, оның 2 393 – қайтыс болды. Италияда 97 689 адам ауырып, 10 779 адам қайтыс болды. Жұқтырғандар саны бойынша он елдің қатарына Испания, Германия, Франция, Иран, Ұлыбритания, Швейцария және Нидерланды кіреді .https://24.kz/ru/news/itemlist/tag/).
Түрлі ауқымдағы эпидемиологиялық іс-шаралар мәселелерінде қуатты базасы мен тәжірибесі бар Ресей де аурудың таралу қауіпіне ұшырады. Олардың барлығы керемет медициналық жабдықтау мен үлкен медициналық қызметкерлердің армиясына ие мемлекеттер. ДДҰ мәліметтері бізге мұндай елдер де пандемия салдарымен күресе алмайтындығын көрсетеді. Осы пандемия басталған Ухань қаласы ағымдағы жылдың 23 қаңтарынан бастап коронавирустың өршуіне байланысты сыртқы әлемнен іс жүзінде оқшауланған. Тек осының арқасында әрбір тұрғынды қатаң оқшаулау және өзін-өзі оқшаулау нәтижесінде олар осы ауруды жеңе алды, провинция билігінің деректері бойынша қаладағы карантинді 8 сәуірде алып тастау жоспарланып отыр. Біз барлығымыз әлемдік масштабта болып жатқан жағдайды қортып және басқа елдердің қайғылы тәжірибесін қайталамау үшін қорытынды жасауға тиіспіз.
Біздің университет республиканың бас санитарлық дәрігерінің нұсқамаларын бірінші болып орындап, айлық маскалық режимді енгізді және санитарлық тәртіптің қалтықсыз орындалу шараларын сақтады,ол туралы 28.02.2020 №26-02-09-н/к “ҚазРесмуниверситет “МЕББМ аумағында корановирустық инфекцияның алдын алу бойынша санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шараларды күшейту туралы”бұйрығы куәландырады. Университетте санитарлық-эпидемиологиялық тәртіптің сақталуына қатаң бақылау жүргізілді, атап айтқанда: маскалық режим, қолды санитайзермен өңдеу, ғимараттың барлық жайларын 4 рет ылғалды тазалау және желдету режимі сақталды! Бұл тәртіптің орындалуын жауапты тұлғалар бақылап отырды және біздің құжаттарда күн сайын тіркелді.
Біздің университеттің оба, тырысқақ, конго-қырым қызбасы, туляремия сияқты түрлі аса қауіпті сипаттағы инфекциялармен жұмыс істеу бойынша ғылыми тәжірибесі бар, сондай-ақ түрлі сипаттағы зақымдану ошақтарында эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізе алады.
Біздің қызметкерлеріміз ХҒТО халықаралық грантының шеңберінде республиканың 14 облысынан 142 дәрігерді, аса қауіпті және карантиндік инфекциялардың табиғи ошақтарының аумағында жұмыс істейтін мамандарды биоқауіпсіздік және биоқорғау ережелеріне оқытты. Біздің университетімізді әлемдік мойындаған және жинақталған үлкен тәжірибесі бар.
Біздің қызметкерлеріміздің Төтенше жағдайлар кезінде іс-шараларды ұйымдастыруда тәжірибесі бар, атап айтқанда Төтенше жағдайлар және апаттар медицинасы кафедрасының меңгерушісі, генерал Талғат Сағадатұлы Нұрмағамбетов, алғашқылардың бірі болып Чернобыль АЭС-дағы зардаптарды жоюға қатысқан жұмыс тәжірибесі бар. Өзінің ерен ерлігі үшін ол Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды және біз онымен бір ұжымда жұмыс істейтінімізді мақтан тұтамыз!
Біздің қызметкерлер өткен жылы Түркістан облысы Арыс қаласындағы жарылыс кезінде, төнген қауіп-қатерге қарамастан медициналық лагерлерде алғашқылардың бірі болып бірнеше күндер бойы зардап шеккендер мен жаралыларға көмек көрсетті.
Біздің қызметкерлер елдегі экологиялық қолайсыз жағдайларда көмек көрсетті,оның ішінде: Атбасар, Арал және Оралдағы су тасқыны, Алматы қаласында Жоғарғы Каменкада болған төтенше жағдайлар, сондай-ақ Курчатов қаласында экологиялық жағдайды тұрақтандыруға көмек көрсетті.
Қазіргі уақытта біздің университеттің, 1 курс және 7 курс бойынша 97 білім алушысы, сондай-ақ барлық мамандықтардың резиденттері Алматы қаласының 11 қосалқы станциясында жұмыс істейді, барлық күрделі жағдайларда біздің тұрғындарға шұғыл көмек көрсетуде. Біз студенттерімізді мақтан тұтамыз!
Және мұндай жағдайлардың саны шексіз. Ерлік немесе батырлық жасау үшін әрқашан мүмкіндік бар және ол үшін қандай да бір арнайы орын немесе уақыттың қажеті жоқ! Сіздер қазір ерлікті әрекет жасай аласыз және өз үлгіңізбен айналаңыздағыларды тәртіпке және өзін-өзі оқшаулауға шақыра аласыз! Сіздер, өскелең ұрпақ өзіңіздің үлгіңізбен әлемдік денсаулық сақтау саласына қызмет етіп, қажетті ережелер бойынша дұрыс ақпарат алғандар қатарында болуларыңыз тиіс!
Жағдай күн сайын өзгеруде, ережелерде өзгеруде, қазіргі уақытта қажетті барлық талаптар қатаңдатылады. Біздің Үкіметіміздің нұсқауына сәйкес, біз сіздерді қашықтықтан оқытуға жібердік, Сіздерге отбасыңызбен бірге болуға, үйде тамақтануға, үй жағдайында сабақпен айналысуға мүмкіндік берілді.
Қазіргі уақытта елдегі жағдай әрқайсымызға тікелей байланысты! Бұл қалай естілседе, шын мәнінде, біздің әрқайсымызға тікелей байланысты! Коронавирусты жұқтырғандардың бірі орта есеппен 5-6 адамға дейін жұқтыруы мүмкін, осы арқылы бұл жаңа аурудың қалай тез таралалатындығын түсінуге болады. Біздің ұлттық менталитетімізді ескере отырып, туған-туыстарымызбен тығыз қарым-қатынас орнату және наурыз айының мерекелерден тұратынын ескерсек, бұл аурудың таралуы бірнеше есе жылдамырақ болуы мүмкін! Жасыңызды, сіздің мықты иммундық жүйеңізді ескерсек, Сіз ауырып қалмауыңыз мүмкін, бірақ вирус тасымалдаушы болуыңыз әбден мүмкін. Сізбен бірге егде жастағы жақындарыңыз бен туыстарыңыз болуы мүмкін, сондықтан бірінші кезекте олар туралы ойланыңыз және алдын алу шараларын мүлтіксіз сақтаңыздар.
АҚШ, Италия, Испания және т. б. сияқты түрлі елдердің тәжірибесі көрсеткендей, қарапайым гигиена ережелері мен талаптарды сақтамауы апатты салдарға алып келді! Бұл үлкен проблема, бұл барлығы бірдей белгіленген ұйғарымды сақтамайдтындығын, олар қазіргі уақытта өмірлік қажет болып табылатындығының айғағы!
Біздің еліміз барлық әлемдік қоғамдастық сияқты осындай қиындықтармен бірінші рет бетпе-бет келді, және Біз белгілі бір мәселелер болуы мүмкін екендігін түсінуіміз керек, алайда, біз туындаған проблемаларды барынша шешуге тырысамыз және біз Сіздермен әрдайым байланыстамыз. Оң сәттер де бар, біздің дәрігерлер осы инфекциямен батыл күресуде, вирустың бақылаусыз таралуына жол бермеуде, бүгінгі таңда коронавирустан 18 адам сәтті емделді, бұл да кішкентай Жеңіс!
Біздің университетте білім алушыларымыз бен оқытушыларымыз арасында чаттар құрылған, олар туындаған барлық мәселелерді шешу үшін сіздермен әрдайым байланыста болуға тырысады. Университет басшылығы сабақ өткізуге қажетті барлық материалдарды және профессор-оқытушылар ұжымы Сізге әрдайым көмекке келуге дайын.
Біз барлық дәрігерлер, біздің азаматтарымыз мүлдем сақтамайтын ақпаратты,құтқарушы ақпаратты тасымалдаушы болып табылуымыз керек! Барлық жерде сіздің өміріңіз бен туыстарыңыздың өмірін құтқаратын қарапайым ережелерді сақтау қажет! Біз әрқайсымыз және барлығымыз біздің мемлекетке көмектесуге, біздің медициналық қоғамдастыққа көмектесуге, карантин ережелерін сақтаудың маңыздылығын түсіндіруге шақыруымыз керек. Бүгін түрлі сенсация үшін, желіде өз рейтингімізді көтеретін уақыт емес, біз өзімізге назар аудартатын жақсы жағдайда емеспіз. Бізбен, Сізде үлкен жауапкершілік жатыр,қазіргі уақытта Отан алдындағы борышын атқарып жүрген және ауыр емделушілердің төсегінде тұрған медициналық қызметкер туралы ойланыңыз! Ең бастысы, бұл жағдайда үйде болу! Үйде болып, Сіз өз өміріңізді және біреудің өмірін құтқарасыз!
Мен орындалуы құқықтық емес, қазіргі уақытта әрбір адамның міндеті болып табылатын қарапайым ережелерді сақтау қажеттігін тағы да еске салғым келеді. Уақтылы мониторинг пен бақылауды қамтамасыз ету үшін келесі тармақтарды орындау қажет:
1.Оқшаулану шараларын сақтау, үйде болу. Бұл ең маңызды шарт! Санитарлық-дезинфекциялық режимнің барлық талаптарын сақтау.
2.Сізге ұсынылған барлық әдістерді қолдана отырып, қашықтықтан оқу.
3.Ауру жұқтырғандар немесе ЖРВИ белгілері туралы ақпаратты күн сайын өз кураторларына баяндау.
4.Қажет болған жағдайда әр түрлі мәселелерді шешуде өз кураторларымен, кафедраларымен және деканаттарымен тығыз байланыста жұмыс істеу.
5. Өзінің иммундық жүйесін нығайту: дене жаттығуларымен айналысу, дұрыс және уақытында тамақтану, дәрумендерді қабылдау, ұйқы және жұмыс режимін сақтау, сондай-ақ өз үйіңізді таза ұстау, ылғалды жинау және жиі үй-жайларды желдету.
6. Стационарлар, жедел жәрдем жұмыс жағдайында және т. б. жоғары қауіпсіздік шаралары мен қорғануды сақтауды сұраймын, сондай-ақ барынша сақ болу қажет.
Біз сіздердің әрқайсыңызды бағалаймыз, Сіздерді мақтан тұтамыз және Сіздерге күмән келтірмейміз! Сіздер біздің болашағымыз, еліміздің болашағысыздар және біздің барлығымызға осы қиын жолдан лайықты өтуге тілектеспін! Біз бәріміз бірге Құдай бұйыртса ел мен әлем үшін оңай емес, кезеңді еңсереміз.
Құрметпен сіздің Ректор, профессор Н. Джайнақбаев