Сіздердің көкейінізде жүрген сұрақтарға жауап береміз.
Құрметті студенттер!
Сұрақ: Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқыған жас мамандардың жұмыспен өтеу міндеті қандай нормативтік құқықтық актілерде көзделген?
Жауап: «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 47-бабының 17-тармағына сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған азаматтарға жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітіргеннен кейін кемінде үш жыл жұмысты өтеу міндеті жүктелген, оның ішінде:
- квота шегінде педагогтік, медициналық, ветеринариялық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқығандар ауылдық жерде орналасқан мемлекеттік білім беру ұйымдарында, мемлекеттік медицина ұйымдарында, мемлекеттік ветеринария ұйымдарында;
- білім беру гранты негізінде педагогтік және медициналық мамандықтар бойынша оқығандар мемлекеттік білім беру ұйымдарында және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында;
- білім беру гранты негізінде басқа мамандықтар бойынша білім алғандар меншік нысанына қарамастан ұйымдарда (2017 жылдан бастап түскен жас мамандар);
- PhD философия докторлары жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында немесе ғылыми ұйымдарда жұмыспен өтейді.
— — — — — — — — — — — — — —
Сұрақ: Оқу бітірушілерді жұмысқа бөлу қалай жүргізіледі және онымен кім айналысады?
Жауап: Жыл сайын педагогикалық және ветеринариялық мамандықтар үшін жас мамандар мен PhD философия докторлары оқу бітіретін ҚР-ның тиісті ЖОО-лары жанынан Дербес бөлу жөніндегі комиссиялар құрылады және медициналық мамандықтар үшін Комиссия денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органда құрылады. Комиссиялар жас мамандар мен PhD философия докторларын дербес бөлуді жүргізіледі, әрі бұл жұмыс берушінің қолдаухаты негізінде жүзеге асырылады. PhD философия докторларын дербес бөлу ұсынылған құжаттар бойынша және ЖОО-лар мен ғылыми ұйымдардың кадрларға қажеттілік туралы өтінімдеріне сәйкес уәкілетті органдар ұсынған ақпараттың негізінде жүзеге асырылады. Бұл тәртіп Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №390 қаулысымен бекітілген Маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған азаматтарды жұмысын өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларында айқындалған.
— — — — — — — — — — — — — —Сұрақ: Ауыл квотасы бойынша оқу бітірген түлектің қаладағы мемлекеттік білім беру ұйымында немесе мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымында жұмысын өтеуіне құқы бар ма?
Жауап: Жоқ, егер жас маман Заңның 47-бабының 17-тармағына сәйкес педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша ауылдық квота бойынша оқу бітірген болса, ол ауылдық жерде орналасқан мемлекеттік білім беру/денсаулық сақтау ұйымдарында жұмысты өтеуге міндетті.
— — — — — — — — — — — — — — —Сұрақ: Егер оқу бітірушінің тұрғылықты жері бойынша бос жұмыс орны болмаса, не істеу керек?Жауап: 2012 жылғы 30 наурыздағы № 390 ҚР ҮҚ-ның 17-1-тармағына сәйкес бос жұмыс орындары болмаған жағдайда, жас маман/философия докторлары (Phd) тұрғылықты жеріндегі халықты жұмыспен қамту орталығында тікелей не “электрондық үкіметтің” веб-порталы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеуге тұруға және Жұмыспен қамту орталығында тіркеуге тұрғанын растайтын құжатты «Қаржы орталығы» АҚ-дағы жетекші ететін менеджерге ұсынуға тиісті. Айта кетер жайт, оның жұмысты өтеу мерзімінде жұмыссыз ретінде есепте болған уақыты жұмысты өтеу мерзіміне есептеледі.
— — — — — — — — — — — — — —Сұрақ: Оқу бітіруші жұмыс орнына қашан келуі керек?
Жауап: Ағымдағы жылы оқу бітірген жас мамандар мен PhD философия докторлары 1 қыркүйектен кешікпей жолдама бойынша жұмыс орнына келеді (Дербес бөлу жөніндегі комиссияның шешіміне сәйкес).
— — — — — — — — — — — — — —Сұрақ: Жұмыспен өтеу жөніндегі міндеттемелер орындалмаған жағдайда қандай шаралар қабылданады?
Жауап: «Қаржы орталығы» АҚ білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы ретінде оқу бітірушілердің жұмыспен өтеу немесе жұмыс өтелмеген жағдайда бюджет қаражатының шығыстарын өтеу жөніндегі өз міндеттерін орындауына мониторинг пен бақылауды қамтамасыз етеді. Жұмыспен өтеу бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда “Қаржы орталығы” АҚ жас маманмен және PhD философия докторларымен жұмыс жүргізеді: көрсетілген байланыс тетіктері бойынша міндетті түрде жұмыспен өтеу қажеттілігі туралы жазбаша хабарлама дайындау, жас мамандарға қоңырау шалу, оларды әлеуметтік желілер бойынша іздеу. Анықталған бұзушылықтар жойылмаған және/немесе жұмысты өтеуден бас тартылған жағдайда бюджет қаражатын мемлекетке қайтару, оның ішінде сот тәртібімен қайтару бойынша жұмыс жүргізіледі.
— — — — — — — — — — — — — — —Сұрақ: Кредитті өтеу мерзімін ұзартуға немесе кейінге шегеруге бола ма? Болса, қандай мерзімге дейін?
Жауап: Жас маман мерзімді әскери қызметке қабылданған немесе шақырылған кезде кредит мерзімі қызметті өткеру уақытына кейінге шегеріледі (Жас мамандарды және PhD философия докторларын дербес бөлу жөніндегі комиссияның шешімімен, жазбаша өтініш пен растайтын құжат негізінде қосымша хаттама ресімделеді), бірақ қызметті өткеру уақыты жұмысты өтеу мерзіміне есептелмейді.
— — — — — — — — — — — — — —Сұрақ: Қандай жағдайларда және оқу бітірушілердің қандай санаттары жұмысты өтеуден босатылады?Жауап: Жас мамандарды дербес бөлу жөніндегі комиссияның немесе PhD философия докторларын дербес бөлу жөніндегі комиссияның шешімімен (Бөлу жөніндегі комиссия , яғни жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қосымша хаттама дайындайды, тиісті құжаттармен расталуы тиіс) мынадай санаттар Заңда көзделген жұмысты өтеу жөніндегі міндеттен босатылады:
- жұбайы (зайыбы) тұратын, жұмыс істейтін немесе қызметін өтеп жатқан елді мекенде бос жұмыс орны болмаған жағдайдағы адамдар;
- I және II топтағы мүгедектер;
- одан әрі оқуға магистратураға, резидентураға, докторантураға түскен адамдар (ақылы негізде, мемлекеттік тапсырыста оқу немесе шетелдік білім беру ұйымына түскен кезде);
- жүкті әйелдер, үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар, сондай-ақ оны (оларды) жалғыз тәрбиелеп отырған адамдар.
— — — — — — — — — — — — — — —Сұрақ: Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша оқыған жас маман ЖОО-ны бітіргеннен кейін өз мамандығынан басқа мамандық бойынша мемлекеттік ұйымға (әкімдік, салық комитеті, ХҚКО, банк және т. б.) өз бетінше жұмысқа тұрған болса, бұл жұмысты өтеу ретінде есепке алына ма?
Жауап: Жоқ, аталған ұйымдарда жұмыс істеу жұмысты өтеу есебіне саналмайды. Өйткені, Заңның 47-бабының 17-тармағына сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде педагогикалық және медициналық мамандықтарға оқуға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын бітіргеннен кейін кемінде үш жыл сәйкесінше мемлекеттік білім беру ұйымдарында және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыспен өтеуге міндетті. Заңда оқу бітірушілерді мемлекеттік ұйымдарға жұмысқа орналастыру үшін негіздер қарастырылмағандықтан, жоғарыда аталған ұйымдағы жұмысты жұмысты өтеу мерзіміне есепке алу мүмкін емес. Жас маман мемлекеттік білім беру ұйымына (мектеп, балабақша, бөбекжай-бақша, колледж, университет) және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымына (ауруханалар, емханалар) жұмысқа орналасуы тиіс.
— — — — — — — — — — — — — —Сұрақ: Оқу бітірген соң мемлекеттік білім беру ұйымында жұмыс істеп, міндетін ішінара орындаған жас маман тұрмыс құруына байланысты жұмысынан шығып кеткен жағдайда оның жұмыспен өтеу міндеті тоқтай ма?
Жауап: Заңның 47-бабының 17-тармағында көзделген жұмыспен өтеу міндетін тиісінше орындау үшін жас маман жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын бітіргеннен кейін кемінде үш жыл мемлекеттік білім беру ұйымында жұмыс істеуге не тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелуге міндетті. Жұмысты өтеу жөніндегі міндетін орындамаған жағдайда, жас маман оны оқытуға бюджет қаражаты есебінен кеткен шығындарды республикалық бюджетке қайтаруға міндетті.
— — — — — — — — — — — — — —Сұрақ: Жас маман мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуын бітіріп, сол жылы магистратураның ақылы бөліміне оқуға түскен болса, бұл жұмыспен өтеу жөніндегі міндеттің тоқтатылуына себеп бола ма?
Жауап: Бұл жағдайда жас маман Заңда көзделген жұмыспен өтеу міндетінен босатылу үшін өзі білім алған тиісті жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары жанынан құрылатын Дербес бөлу жөніндегі комиссияға өтініш жасауы тиіс. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №390 қаулысымен бекітілген Жас мамандарды жұмысқа жіберу қағидаларының 8-тармағына сәйкес комиссия жыл сайын құрылады. Өз кезегінде, Заңның 47-бабының 17-2-тармағында жұмыспен өтеу міндетінен босататын нормалар қарастырылған. Атап айтсақ: одан әрі оқу үшін магистратураға, резидентураға, докторантураға түскен; жүкті әйелдер, үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар, сондай-ақ үш жасқа дейінгі баланы (балаларды) өзі тәрбиелеп жатқан адамдар; І және ІІ топтағы мүгедектер; жұбайы (зайыбы) тұратын, жұмыс істейтін немесе қызметін өткеретін елді мекенде бос орын болмаған жағдайдағы адамдар бұл міндеттен босатылады.
— — — — — — — — — — — — — —Сұрақ: Мемлекеттің үлесі бар (квазимемлекеттік секторға жататын) ұйымдарда (мысалы, акциясының 50-100% -ы мемлекетке тиесілі оқу орны – акционерлік қоғамы және басқалар) мамандығы бойынша жұмыс істеуді жұмысты өтеу ретінде есептеу мүмкіндігі.
Жауап: ҚР заңнамасында көзделген педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша жұмысты өтеу жөніндегі міндетті тиісінше орындау үшін жас маман мемлекеттік білім беру ұйымы мен мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымында жұмыс істеуге міндетті. Сондай-ақ «Мемлекеттік мүлік туралы» заңда «мемлекеттік заңды тұлға – мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелер» деп көрсетілген. Сондықтан, бұл ұйымдардағы жұмысты жұмысты өтеу ретінде есептеу мүмкін емес.
— — — — — — — — — — — — — — —Сұрақ: ЖОО-ны бітіргеннен кейін кейінгі жылдары магистратураға түскен азаматтар жұмыспен өтеу міндетінен босатылады ма?
Жауап: Заңның 47-бабының 17-тармағының 5-бөлігіне сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде педагогикалық, медициналық, ветеринарлық мамандықтарға оқуға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын бітіргеннен кейін кемінде үш жыл мемлекеттік білім беру, денсаулық сақтау және ветеринарлық ұйымдарда жұмыспен өтеуге міндетті. Заңның 47-бабының 17-2-тармағының 3) тармақшасында одан әрі оқу үшін магистратураға, резидентураға, докторантураға түскен адамдарды жұмыспен өтеу міндетінен босату көзделген. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – ҚР АК) 6-бабының 1-бөлігіне сәйкес азаматтық заң оларда айтылған сөздердiң дәлме-дәл мәнiне сәйкес түсiнiлуге тиiс. Заңның көрсетілген нормаларының мәнінен түсінетініміз – Комиссия жас мамандар мен философия докторларын (РhD) олар оқу бітірген жылдан кейінгі жылдары емес, сол оқу бітірген жылы магистратураға, резидентураға, докторантураға түскен жағдайда ғана жұмысты өтеуден босатуға құқылы, яғни жұмысты өтеу міндетінен босату мәселесін қарау кезінде міндетті түрде уақыт факторы, соның ішінде міндеттеменің уақытында орындалуы ескерілу керек.
— — — — — — — — — — — — — — —Сұрақ: Жұмыс ішінара өтелген (толық 3 жыл емес) жағдайда қалған кезеңге берешек сомасын төлеуге бола ма? Оқуға берешек сомасын бөліп төлеуге бола ма?
Жауап: Заңның 47-бабының 17-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №390 қаулысымен бекітілген Жас мамандарды жұмысқа жіберу қағидаларының 4-тармағына сәйкес педагогтік және медициналық мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқуға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітіргеннен кейін мемлекеттік білім беру ұйымдары мен мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында кемінде үш жыл жұмысты өтейді. Жұмысты өтеу жөніндегі міндетті орындамағаны үшін жас маман өзінің оқуына байланысты бюджет қаражаты есебінен шыққан шығыстарды өтеуге міндетті (Заңның 47-бабының 17-4-тармағы). ҚР АК-нің 272 және 273-баптарына сәйкес міндеттеме мiндеттеменің шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиiсiнше орындалуы тиiс, мiндеттеменi орындаудан бiржақты бас тартуға және оның шарттарын бiржақты өзгертуге жол берiлмейдi. ҚР АК 349-бабының 1-тармағына сәйкес мiндеттеменi орындамау, не тиiстi дәрежеде орындамау оның бұзылуы деп түсiнiледi. Заңда және Қағидаларда жұмысты жарым-жартылай өтеу немесе оқумен байланысты бюджет қаражатын бөліп төлеу жағдайында шығындалған бюджет қаражатын қайта есептеуді айқындайтын нормалар (қалыптар) қарастырылмаған. Бұл ретте, оқу ақысының сомасы жыл сайын Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен оқу жылына 1 студентті оқытуға жұмсалатын орташа шығындардан құралады.