«Ғұмырын адамзат бақыты жолына арнаған – Әбу Насыр әл-Фараби» атты дөңгелек үстел
«Ғұмырын адамзат бақыты жолына арнаған – Әбу Насыр әл-Фараби»
Биылғы жылы өзінің бар ғұмырын адамзат баласының ізгілікті қоғамда, бақытты өмір сүруін аңсап, білім мен ғылым жолына арнаған ұлы ойшыл әл-Фарабидің 1150 жылдығы елімізде ресми деңгейде аталып өтілуде. Осы орайда 2020 жылдың 17 cәуірі күні «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен әйгілі философ, энциклопедист ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті.
Шараның мақсаты – ғұлама ғалым әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы, ғылым мен философия дамуына қосқан үлесі, ойшыл мұрасын зерттеудің қазіргі заман үшін өзектілігі мәселесін зерделеу және жастардың ғылыммен шұғылдануға деген қызығушылығын ояту және болмыс сырын тереңдеп зерттеудің әдіснамасымен танысу болатын.