Студенттермен бірге онлайн кураторлық сағаттар
«Наурыз-отбасылық мереке» тақырыбында онлайн кураторлық сағат
Студенттердің Қазақстан халықының ұлттық салт-дәстүрлеріне қызығушылығын қалыптастыру, патриоттық сезімге баулу, толерантты және Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында 2020 жылдың 18 сәуірінде Қоғамдық денсаулық сақтау факультеті 402 оқу тобының тәлімгері К.Н. Алманиязованың жетекшілігімен «Наурыз-отбасылық мереке» тақырыбында онлайн тәлімгерлік сағаты өтті. Студенттер Талғат Айжан мен Медетқызы Салтанат презентациялар мен бейнероликтер ұсынды.
— — — — — — — — — — — — — — —
«Есірткі – жас өмірді улаушы» тақырыбындағы тәрбие сағаты
2020 жылдың 20 сәуір күні Жалпы медицина факультетінің 403 Б тобының кураторы В. Ж. Құдабаева ZOOM форматында «Есірткі-жас өмірді улаушы» тақырыбында кураторлық сағат өткізді.
Кураторлық сағаттың мақсаты: нашақорлықтың зияны туралы білімді қалыптастыру, жастардың өзін-өзі бағалауы мен санасының өсуіне ықпал ету.
— — — — — — — — — — — — — —
«Дене денсаулығы-ұлт денсаулығы» – онлайн кураторлық сағат
2020 жылдың 20 сәуірінде Фармация факультетінде 303 А, Б, 302 А және Б топтарының кураторлары А.Б. Муканова және М.И. Тлеубаева «Дене денсаулығы – ұлт денсаулығы» тақырыбында онлайн кураторлық сағат өткізді. Кураторлық сағаттың мақсаты: салауатты өмір салтын сақтауға, денсаулықты нығайтуға және салауатты өмір салтына тұрақты ынталандыруды қалыптастыру.